Түркістан облысында су сапасына күнделікті мониторинг жүргізіледі - Экология министрлігі
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов Түркістан облысындағы жағдай жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Кеше Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Шымкент қаласында Өзбекстанның су шаруашылығы министрімен кездесті. Келіссөздер барысында жұмыс тобы құрылып, топ Сардоба су қоймасына халықаралық және қазақстандық сарапшылардың қатысуымен техникалық аудит жүргізу туралы бірлескен шешімге келді. Соның нәтижесінде бұл құрылыстың одан арғы тағдыры жайлы шешім қабылданады. Төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап Түркістан облысында Қазгидромет пен аймақтық экология департаментінің өкілдері жұмыс істеп жатыр. Су сапасына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі күні суды ластайтын немесе халық денсаулығы мен өміріне қауіп тигізуі мүмкін зиянды заттар анықталған жоқ. Мониторинг жалғасады. Ол бойынша ақпарат болып жатса, қосымша хабарлаймыз», - деді Ахметжан Пірімқұлов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
-->Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов Түркістан облысындағы жағдай жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Кеше Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Шымкент қаласында Өзбекстанның су шаруашылығы министрімен кездесті. Келіссөздер барысында жұмыс тобы құрылып, топ Сардоба су қоймасына халықаралық және қазақстандық сарапшылардың қатысуымен техникалық аудит жүргізу туралы бірлескен шешімге келді. Соның нәтижесінде бұл құрылыстың одан арғы тағдыры жайлы шешім қабылданады. Төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап Түркістан облысында Қазгидромет пен аймақтық экология департаментінің өкілдері жұмыс істеп жатыр. Су сапасына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі күні суды ластайтын немесе халық денсаулығы мен өміріне қауіп тигізуі мүмкін зиянды заттар анықталған жоқ. Мониторинг жалғасады. Ол бойынша ақпарат болып жатса, қосымша хабарлаймыз», - деді Ахметжан Пірімқұлов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.