Карантин елорданың атмосферасына қалай әсер етті – вице-министр жауабы
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов онлайн брифингте карантин кезіндегі атмосфераның тазаруына қалай әсер еткені туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Карантин кезіндегі экологияның жақсаруы тек Қазақстанда ғана емес, әлем елдерінде де бар. 20 наурыздан бастап біздің министрлік қоғамдық ұйымдармен бірге Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының атмосферасына мониторинг жасап отырды. Нұр-Сұлтанда ЖЭО-лар жұмысын тоқтатпағандықтан, олардан белгілі бір зиянды заттар болды. Дегенмен автокөліктерден бөлінетін газдың азаюы қаланың атмосферасына едәуір жақсы әсер етті. Алматыдағы жағдай да солай. Алайда Алматыдағы ЖЭО-2, ЖЭО-3-ті қала әкімдігі газбен жылыту жүйесіне ауыстыру мәселесін қарастырып жатыр», – деді вице-министр.
-->ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов онлайн брифингте карантин кезіндегі атмосфераның тазаруына қалай әсер еткені туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Карантин кезіндегі экологияның жақсаруы тек Қазақстанда ғана емес, әлем елдерінде де бар. 20 наурыздан бастап біздің министрлік қоғамдық ұйымдармен бірге Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының атмосферасына мониторинг жасап отырды. Нұр-Сұлтанда ЖЭО-лар жұмысын тоқтатпағандықтан, олардан белгілі бір зиянды заттар болды. Дегенмен автокөліктерден бөлінетін газдың азаюы қаланың атмосферасына едәуір жақсы әсер етті. Алматыдағы жағдай да солай. Алайда Алматыдағы ЖЭО-2, ЖЭО-3-ті қала әкімдігі газбен жылыту жүйесіне ауыстыру мәселесін қарастырып жатыр», – деді вице-министр.