Елорда жаңалықтары

Өзбекстан делегациясы елордалық Достық үйінде болды

Қалалық Достық үйінде Одилжон Саттаров бастаған «Ватандошлар» қоғамдық қоры делегациясының   Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының активімен кездесуі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесуге қалалық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова, Парламент Сенатының депутаты Әлішер Сатвалдиев қатысты. 

Этномәдени бірлестіктің төрағасы Шерзод Пулатов  модераторлық еткен жиында  тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту, ұлтаралық келісім, этномәдени бірлестіктермен және қоғамдық қорлармен жұмыс істеу мәселелерін талқылап, өзара пікір алмасты.

Сондай – ақ қонақтар қалалық ҚХА қызметімен танысып, Достық үйінде арнайы ұйымдастырылған экскурсияны тамашалады.  Сонымен бірге қордың өзбек тілі мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін этномәдени орталық атынан ұйым өкіліне алғыс хат пен ұлттық кәдесый табыс етілді.

Атап кетейік, «Ватандошлар» қоғамдық қорының мақсаты - шетелде тұратын отандастарды тарихи отаны төңірегіне біріктіру, олардың жүрегінде елге деген мақтаныш сезімін нығайту, ұлттық ерекшелікті сақтау, отандастарды  және  олар құрған түрлі білестіктерді қолдау.

-->