Астанада жыл соңына дейін тағы 600-ге жуық ақылы тұрақ іске қосылады
Қазіргі таңда халықаралық тәжірибеде ақылы тұрақтар кеңінен қолданылады. Дамыған елдерде бұл жоба түрі жол қозғалысын реттеп, көшелердегі кедергілерді азайтуды көздейді. Елордада жол қозғалысындағы жүктемені төмендету мақсатында жүзеге асырылған жоба 2016 жылы басталды. Осыған дейін көлігін көшедегі бос орынға қоюға үйренген елордалықтар ақылы көлік тұрағы туралы жаңалықты қуана қабылдаған жоқ. Жоба төңірегінде әлі де болып жатқан өзгерістер туралы Elorda.info тілшісі анықтап көрді.
Қала тұрғындарының бірқатары жоба басталғалы кептеліс мәселесінің шешілмегенін айтса, енді бірін көлік иелерінен жиналатын қаражаттың қайда кетіп жатқаны алаңдатады. Астанада 10 жылдан аса тұратын Арман Мұратбеков онсыз да көлік қоюға арналған тұрақтарды ақылы ету орынсыз деп санайды.
Ақылы тұраққа қатысты елордалықтардың пікірін білгенде әйелдер қауымы, керісінше, жобаны қолдап кетті. Темір тұлпар тізгіндеген елордалық нәзік жандылар ақылы тұрақтардың болуын жөн санайды. Көлік тізгіндеген арулар көше бойына қалдырып кететін көліктердің азайғанын байқаған. Солардың бірі - елордалық мұғалім Гүлім Нығметова.
Даудың басы...
Осыдан екі жыл бұрын жобаға тапсырыс беруші жергілікті әкімдік «Нұржол» бульварынан басқа жердегі ақылы тұрақтардың заңсыз екенін және оған жұртшылық ақша төлеуге міндетті емес екенін айтып, жауапты мекеменің үстінен арыз түсіргенін жеткізді. Бірақ «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС өкілдері бұл мәлімдемені жоққа шығарды. Екі тарап арасындағы даудың нүктесін жауапты компания былай деп қойды:
Әкімдіктен бөлек, елордалықтар ақылы автотұрақтарды алып тастау туралы арнайы петиция да жариялаған еді. Қала тұрғындары болғандықтан тұрақ үшін ақы төлеу конституциялық құқықты шектейтінін алға тартып, оған 8 мыңнан астам елордалық қол қойды. Жобаға қарсы іс-шара жүргізілгенімен, ешкімнің ақылы тұрақты алыптас тағысы жоқ.
Әкім ақылы тұраққа қатысты не деп жауап берді?
Биыл 8 шілдеде Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаланың әлеуметтік және экономикалық дамуы туралы баяндама жасады. Қала әкімі тілшілер қауымы ақылы тұрақ туралы қарша боратқан сұрақтарға былай деп жауап берді:
Уәде қалай орындалды?
Елорда әкімінің «шағымдарды қарастыруға дайынбыз» деген сөзінен кейін бір ай ішінде қалада 1 680 ақылы тұрақ орны демонтаждалды. Тұрақтар қала әкімдігі нұсқаулығымен «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-мен қайта қаралды. Осындай жолмен 55 жер телімі тұрақ орындарынан алынып тасталды. Сарыарқа ауданында – 860, Алматы ауданында – 325, Байқоңыр ауданында – 107, Есіл ауданында 388 ақылы тұрақ алынып тасталды.
Бүгінде елордада 6 439 ақылы тұрақ бар. Оның 487-сі «Нұржол» бульварында, 5 952 тұрақ қаланың 4 ауданында орналасқан. Ал жыл соңына дейін тағы 600-ге жуық ақылы тұрақ іске қосылмақ. Қазір қала ішінде автотұрақтар көк түсті жолақпен белгілене бастады. Бұл сызық алдымен «Нұржол» бульварында іске қосылды. Көк жолақ жүргізушілерге ақылы тұрақ кеңістігінің шекараларын жақсырақ және жылдам анықтауға көмектеседі.
Жауапты мекеменің мәліметінше, жоба басталғалы қала бюджетіне 2 млрд теңгеден астам қаржы түскен. Тұрақ ақысын төлемегені үшін салынған айыппұл сомасы толығымен қала бюджетіне түседі және ол инвесторға қайтарылмайды.
Осыдан екі апта бұрын елордада автотұрақтар үшін ақыны кейін төлеу функциясы іске қосылды. Бастапқыда қала әкімі бекіткен ережеге сәйкес, тұрақтар тек алдын ала төлем жасау негізінде жұмыс істеді. Яғни, тұрақ бағасы көлікті қойғаннан кейін 30 минут ішінде төленуі тиіс болған. Ал төлем жүргізілгеннен кейін жүргізуші 10 минуттың ішінде шығып кетуі керек болды. Ал қазір төлемді түнгі сағат 23:29 дейін жүргізуге болады.
Астаналықтар инфрақұрылымдық жобаға қарсылық білдірсе де, жауапты мекеме ақылы тұрақтарды арттыруды көздейді. Келісімшартқа сәйкес, олардың саны 10 000-нан аспауы қажет. Бұл дегеніміз елордада әлі 3 000 мыңнан аса ақылы тұрақ салынуы мүмкін. Бұл - тек біздің болжам. Бірақ қалалық автожүргізушілер бұл өзгеріске де бейімделетін болар.
Айта кетейік, автотұрақтарды пайдалану үшін абонементтер де енгізілген. Абонемент иелері қала бойынша барлық ақылы аймақтарда көлігін тұраққа қоя алады. Ал тіркеу жүйесі төлем ақысын автоматты түрде есептейді. Жеңілдігі бар санаттағы азаматтар мен ерекше қажеттілігі бар тұлғалар үшін тұрақтарды пайдалану – тегін.
Сондай-ақ демалыс және мереке күндері автотұрақтарды пайдалану ақысыз. Төлем тек жұмыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін алынады.
Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ
-->Қазіргі таңда халықаралық тәжірибеде ақылы тұрақтар кеңінен қолданылады. Дамыған елдерде бұл жоба түрі жол қозғалысын реттеп, көшелердегі кедергілерді азайтуды көздейді. Елордада жол қозғалысындағы жүктемені төмендету мақсатында жүзеге асырылған жоба 2016 жылы басталды. Осыған дейін көлігін көшедегі бос орынға қоюға үйренген елордалықтар ақылы көлік тұрағы туралы жаңалықты қуана қабылдаған жоқ. Жоба төңірегінде әлі де болып жатқан өзгерістер туралы Elorda.info тілшісі анықтап көрді.
Қала тұрғындарының бірқатары жоба басталғалы кептеліс мәселесінің шешілмегенін айтса, енді бірін көлік иелерінен жиналатын қаражаттың қайда кетіп жатқаны алаңдатады. Астанада 10 жылдан аса тұратын Арман Мұратбеков онсыз да көлік қоюға арналған тұрақтарды ақылы ету орынсыз деп санайды.
Мен жүргізуші ретінде ақылы тұрақ дегенді құптамаймын. Менің байқағаным, бұл жоба тек сол жағалауда тұратын және сол жақта жұмыс істейтін тұрғындарға арналғандай. Өзім оң жағалауда тұрамын, осы жақта жұмыс істеймін, бірақ мұнда көлік тұрағы есебінен айтарлықтай кептіліс болмайды. «Ақылы» деген аты ғана, көлік қауіпсіздігіне жауап бермейді, тұрақ орындары қардан уақытылы тазаланбайды. Халық не үшін ақша төлейді? Жобаға әлі де өзгерістер керек, - дейді қала тұрғыны.
Ақылы тұраққа қатысты елордалықтардың пікірін білгенде әйелдер қауымы, керісінше, жобаны қолдап кетті. Темір тұлпар тізгіндеген елордалық нәзік жандылар ақылы тұрақтардың болуын жөн санайды. Көлік тізгіндеген арулар көше бойына қалдырып кететін көліктердің азайғанын байқаған. Солардың бірі - елордалық мұғалім Гүлім Нығметова.
Менің көлік жүргізіп келе жатқаныма 3 жылдан асты. Бұрын көшеде оңды-солды қойылған көліктерді көргенде соқтығысып қалу мүмкін деп ойлайтынмын. Бірақ мен көлік жүргізе бастағалы ақылы тұрақтар іске қосылып, автотұрақтар реттеліп қалды. Одан да ақысын төлеп, емін-еркін тұрақта қозғалған жақсы. Әсіресе, көлікті енді жүргізіп келе жатқан нәзік жандыларға «көлікті тұраққа қою» енді мәселе емес шығар, - деп күлімдеп жауап берді қала тұрғыны.
Даудың басы...
Осыдан екі жыл бұрын жобаға тапсырыс беруші жергілікті әкімдік «Нұржол» бульварынан басқа жердегі ақылы тұрақтардың заңсыз екенін және оған жұртшылық ақша төлеуге міндетті емес екенін айтып, жауапты мекеменің үстінен арыз түсіргенін жеткізді. Бірақ «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС өкілдері бұл мәлімдемені жоққа шығарды. Екі тарап арасындағы даудың нүктесін жауапты компания былай деп қойды:
Барлық ақшалай қаражат пен салықтар шартқа сәйкес қала бюджетіне төленді. Біздің компания жер учаскелерінің меншік иесі болып табылмайды, жер Астана қаласының көше-жол желісінің бөлігі. Жобада бюджет қаражаты жоқ, - деп жазылған ЖШС-нің ресми ресурсында.
Әкімдіктен бөлек, елордалықтар ақылы автотұрақтарды алып тастау туралы арнайы петиция да жариялаған еді. Қала тұрғындары болғандықтан тұрақ үшін ақы төлеу конституциялық құқықты шектейтінін алға тартып, оған 8 мыңнан астам елордалық қол қойды. Жобаға қарсы іс-шара жүргізілгенімен, ешкімнің ақылы тұрақты алыптас тағысы жоқ.
Әкім ақылы тұраққа қатысты не деп жауап берді?
Биыл 8 шілдеде Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаланың әлеуметтік және экономикалық дамуы туралы баяндама жасады. Қала әкімі тілшілер қауымы ақылы тұрақ туралы қарша боратқан сұрақтарға былай деп жауап берді:
2019 жылы келісімшартқа мемлекеттік-жеке меншік серіктестік ретінде қол қойылды. Есіңізде болса, біз тіпті тұрғындардан келіп түскен шағымдарды қарастырдық, әлеуметтік тұрғын үйдің жанында ақылы автотұрақтар орнатыла бастаған еді – біз бұған қарсы болдық және оны қайта қарастырдық. Біз барлық шағымды қарастыруға дайынбыз. Рұқсат етілмеген жерге қойылған ақылы тұрақтарды алып тастаймыз,- деді Алтай Көлгінов.
Уәде қалай орындалды?
Елорда әкімінің «шағымдарды қарастыруға дайынбыз» деген сөзінен кейін бір ай ішінде қалада 1 680 ақылы тұрақ орны демонтаждалды. Тұрақтар қала әкімдігі нұсқаулығымен «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-мен қайта қаралды. Осындай жолмен 55 жер телімі тұрақ орындарынан алынып тасталды. Сарыарқа ауданында – 860, Алматы ауданында – 325, Байқоңыр ауданында – 107, Есіл ауданында 388 ақылы тұрақ алынып тасталды.
Бүгінде елордада 6 439 ақылы тұрақ бар. Оның 487-сі «Нұржол» бульварында, 5 952 тұрақ қаланың 4 ауданында орналасқан. Ал жыл соңына дейін тағы 600-ге жуық ақылы тұрақ іске қосылмақ. Қазір қала ішінде автотұрақтар көк түсті жолақпен белгілене бастады. Бұл сызық алдымен «Нұржол» бульварында іске қосылды. Көк жолақ жүргізушілерге ақылы тұрақ кеңістігінің шекараларын жақсырақ және жылдам анықтауға көмектеседі.
Жауапты мекеменің мәліметінше, жоба басталғалы қала бюджетіне 2 млрд теңгеден астам қаржы түскен. Тұрақ ақысын төлемегені үшін салынған айыппұл сомасы толығымен қала бюджетіне түседі және ол инвесторға қайтарылмайды.
Осыдан екі апта бұрын елордада автотұрақтар үшін ақыны кейін төлеу функциясы іске қосылды. Бастапқыда қала әкімі бекіткен ережеге сәйкес, тұрақтар тек алдын ала төлем жасау негізінде жұмыс істеді. Яғни, тұрақ бағасы көлікті қойғаннан кейін 30 минут ішінде төленуі тиіс болған. Ал төлем жүргізілгеннен кейін жүргізуші 10 минуттың ішінде шығып кетуі керек болды. Ал қазір төлемді түнгі сағат 23:29 дейін жүргізуге болады.
Жаңа мүмкіндікті автокөлік иелері қазірдің өзінде «ПарковкиАстаны» мобильдік қосымшасында және astanapark.kz сайтында пайдалана алады. «Ақы төлеу кезінде тұрақ аймағының нөмірін, тұрақ сессиясының басталуы мен ұзақтығын көрсету, техникалық паспортқа сәйкес автомобильдің мемлекеттік нөмірін дұрыс енгізу қажет. Төлем сол күні сағат 23:59-ға дейін жүргізілсе, айыппұл есептелмейді, - делінген «Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС мәліметінде.