Елорда жаңалықтары

«Елорда жастары» бағдарламасы қашан басталатыны белгілі болды

Елордаға арман қуып келген жастардың бас қайғысы пәтер мәселесі болар?! Ал қала басшылығы жастар үшін бар жағдайды жасап қойған. Астанада үйлі болу үшін қолжетімді бағдарламалар саны жыл сайын артып келеді. Солардың бірі – «Елорда жастары» ипотекалық бағдарламасы. Бұл – қалалық әкімдік пен «Отбасы банкінің» бірлескен жобасы. Жуырда баспаналы болғысы келетін астаналық жастар үшін «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Осы туралы банктің Орталық филиалының басшысы Жансұлтан Матаев Elorda.info тілшісіне толыққанды мәлімет берді.

Ол осы бағдарламаға қанша қаражат бөлінгенін айтты.

Оның айтуынша, бөлінетін ипотекалық несиенің жоғарғы шегі 18 млн теңге шамасында қалмақ.

Банк өкілінің және әкімдіктің берген мәліметтеріне сәйкес, бағдарламаның шарттары толық бекітілмеген, негізі өзгеріссіз қалуы тиіс.

Бағдарламаның талаптары:

  • Өтініш берген уақытта қатысушының жасы 35-тен (қоса алғанда) аспауы тиіс;
  • Қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің соңғы 1 жыл ішінде Астана қаласында тұрақты тіркеуі болуы қажет;
  • Қатысушының «Отбасы банкінде» сатып алатын баспана құнының 10 % мөлшеріндегі алғашқы жарнасы бар депозиті болуы тиіс (салымның бар екені туралы анықтама немесе шот бойынша үзінді көшірме);
  • Соңғы 5 жылда бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің ҚР аумағында сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үйі болмауы қажет;
  • Қатысушының өтініш берген кезінде кемінде соңғы бір жыл ішінде Астана қаласында таңдалған саласында ресми жұмыс тәжірибесі болуы тиіс. Ол зейнетақы шотының үзінді көшірмесімен расталады;
  • Отбасының бір мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы табыс 6 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы қажет, яғни 2023 жылы бұл сома 243 402 теңгені құрайды (зейнетақы жарналары, жеке табыс салығы және басқа да міндетті жарналарды қоспағанда);
  • Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Еске сала кетейік, «Елорда жастары» ипотекалық бағдарламасына Астана қаласының мемлекеттік қалалық және республикалық мекемелерінің қызметкерлері ғана келесі қызмет салалары бойынша қатыса алады:

- Денсаулық сақтау (медицина қызметкерлері, техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда);

- Білім беру (педагог қызметкерлер, техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда,);

- Мәдениет (бейінді қызметкерлер, техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда);

- Спорт (спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар);

- Әлеуметтік сала (бейінді қызметкерлер, техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда);

- ЖОО және ҒЗИ (оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер, техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда,);

- Журналистер (Журналистер, корреспонденттер, продюсерлер, беттеушілер, редакторлар, режиссерлер, дыбыс инженерлері, теле-радио жүргізушілері, фотографтар, телерадио хабарларын тарату инженерлері, графикалық және мультимедиялық дизайнерлер, телерадио хабарларын тарату техниктері, аудио-бейне операторлары, телекоммуникация монтажерлері, контент-менеджер, сәулелендіруші, веб-дизайнерлер, медиа жоспарлау менеджері, медиа талдаушы, SMM-маман, техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда);

- Астана қаласының коммуналдық кәсіпорындарының/мекемелерінің бейінді қызметкерлері (КММ, МКҚК, ШЖҚ МКК, әкімдіктің 100% қатысуымен АҚ және ЖШС);

- Қызмет саласына қарамастан, Астана қаласында «жетім балалар» санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған 35 жасқа дейінгі азаматтар.

- Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері (бейінді қызметкерлер, техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда);

- Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері (бейінді қызметкерлер, техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда).

Осы санатқа жататын тұлғаларға тұрғын үй сатып алуға жеңілдікпен ипотекалық несие алуға мүмкіндік беріледі. Жоба бойынша қарыз алушылардың жасы 35-тен аспауы керек.

Жансұлтан Матаевтың айтуынша, осы талаптарға сәйкес келмейтін қатысушылар, сондай-ақ «Отбасы банк» АҚ-да төлем қабілеттілігін растай алмағандар осы бағдарламаға қатыса алмайды.

Айта кетейік, тұрғын үйді алғашқы немесе екінші нарықтан алуға болады. Таңдалған баспана құны 18 млн теңгеден асатын болса, қатысушылар жетпеген қаражатты өз ақшасы есебінен қоса алады.

Сондай-ақ банк филалының басшысы «Елорда жастары» бағдарламасы бойынша осы уақытқа дейін қанша адам үйлі болғанына да тоқталып өтті.

«Астанадан 20 млн. теңгеге 3 бөлмелі пәтер алдым»

«Елорда жастары» бағдарламасы арқылы бір арманы орындалған астаналық Жанна Бекішовадан бас шаһардың төрінен баспананы қалай алғаны туралы сұраққа жауап алу үшін онымен аз-кем сұхбат құрдық.

Жанна, сондай-ақ, жастарға да алда басталатын осы бағдарламаға қатысуға кеңес береді. Өйткені бұл бағдарламаның шарттары да жеңіл екен.

АЯУЛЫМ АЛТЫНБЕК

-->

«Елорда жастары» бағдарламасын жүзеге асыруға осыған дейін «Отбасы банк» 2,1 млрд теңге, Астана қаласының әкімдігі жергілікті бюджеттен 2,5 млрд теңге қаражат бөлген болатын. Биыл тараптардың әрқайсысы тағы 1 млрд теңгеден бөлмек. Осылайша, бағдарламаны қаржыландыруға бағытталған қаражаттың жалпы көлемі 6,6 млрд теңгеге тең болады деп жоспарланып отыр, - дейді «Отбасы банкінің» Орталық филиал басшысы.

Оның айтуынша, бөлінетін ипотекалық несиенің жоғарғы шегі 18 млн теңге шамасында қалмақ.

Пул құрылғаннан кейін оның қатысушылары Отбасы банкінен ипотекалық несие алуға жолдама алады. Банк бағдарлама қатысушысының төлем қабілеттілігін тексеріп, жылдық мөлшерлемесі 5 пайызбен (ЖТСМ 5,2 %-дан бастап) жеңілдетілген ипотекалық несие береді. Алғашқы жарна – 10%. Елордалық жастарға берілетін ипотекалық несиенің ең жоғарғы сомасы – 18 млн теңге, мерзімі – 25 жылға дейін. Оның көмегімен алғашқы немесе екінші нарықтан, сондай-ақ, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның кепілдемесімен үлестік қатысу шарты бойынша салынып жатқан тұрғын үй сатып алуға болады, - деп атап өтті Жансұлтан Матаев.

Банк өкілінің және әкімдіктің берген мәліметтеріне сәйкес, бағдарламаның шарттары толық бекітілмеген, негізі өзгеріссіз қалуы тиіс.

«Елорда жастары» бағдардамасы Астана қаласы әкімдігінің тарапынан жүргізіліп жатқан бағдарламаны қаржыландыруын күтеді. 2023 жылға әкімдік жоғарыда атап өткенімдей, 1 млрд теңге бөліп отыр, енді банк тарапынан тағы 1 млрд теңге бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - дейді банк филиалының басшысы.

Бағдарламаның талаптары:

  • Өтініш берген уақытта қатысушының жасы 35-тен (қоса алғанда) аспауы тиіс;
  • Қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің соңғы 1 жыл ішінде Астана қаласында тұрақты тіркеуі болуы қажет;
  • Қатысушының «Отбасы банкінде» сатып алатын баспана құнының 10 % мөлшеріндегі алғашқы жарнасы бар депозиті болуы тиіс (салымның бар екені туралы анықтама немесе шот бойынша үзінді көшірме);
  • Соңғы 5 жылда бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің ҚР аумағында сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үйі болмауы қажет;
  • Қатысушының өтініш берген кезінде кемінде соңғы бір жыл ішінде Астана қаласында таңдалған саласында ресми жұмыс тәжірибесі болуы тиіс. Ол зейнетақы шотының үзінді көшірмесімен расталады;
  • Отбасының бір мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы табыс 6 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы қажет, яғни 2023 жылы бұл сома 243 402 теңгені құрайды (зейнетақы жарналары, жеке табыс салығы және басқа да міндетті жарналарды қоспағанда);
  • Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Еске сала кетейік, «Елорда жастары» ипотекалық бағдарламасына Астана қаласының мемлекеттік қалалық және республикалық мекемелерінің қызметкерлері ғана келесі қызмет салалары бойынша қатыса алады:

- Денсаулық сақтау (медицина қызметкерлері, техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда);

- Білім беру (педагог қызметкерлер, техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда,);

- Мәдениет (бейінді қызметкерлер, техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда);

- Спорт (спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар);

- Әлеуметтік сала (бейінді қызметкерлер, техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда);

- ЖОО және ҒЗИ (оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер, техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда,);

- Журналистер (Журналистер, корреспонденттер, продюсерлер, беттеушілер, редакторлар, режиссерлер, дыбыс инженерлері, теле-радио жүргізушілері, фотографтар, телерадио хабарларын тарату инженерлері, графикалық және мультимедиялық дизайнерлер, телерадио хабарларын тарату техниктері, аудио-бейне операторлары, телекоммуникация монтажерлері, контент-менеджер, сәулелендіруші, веб-дизайнерлер, медиа жоспарлау менеджері, медиа талдаушы, SMM-маман, техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда);

- Астана қаласының коммуналдық кәсіпорындарының/мекемелерінің бейінді қызметкерлері (КММ, МКҚК, ШЖҚ МКК, әкімдіктің 100% қатысуымен АҚ және ЖШС);

- Қызмет саласына қарамастан, Астана қаласында «жетім балалар» санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған 35 жасқа дейінгі азаматтар.

- Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері (бейінді қызметкерлер, техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда);

- Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері (бейінді қызметкерлер, техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда).

Осы санатқа жататын тұлғаларға тұрғын үй сатып алуға жеңілдікпен ипотекалық несие алуға мүмкіндік беріледі. Жоба бойынша қарыз алушылардың жасы 35-тен аспауы керек.

Жансұлтан Матаевтың айтуынша, осы талаптарға сәйкес келмейтін қатысушылар, сондай-ақ «Отбасы банк» АҚ-да төлем қабілеттілігін растай алмағандар осы бағдарламаға қатыса алмайды.

Айта кетейік, тұрғын үйді алғашқы немесе екінші нарықтан алуға болады. Таңдалған баспана құны 18 млн теңгеден асатын болса, қатысушылар жетпеген қаражатты өз ақшасы есебінен қоса алады.

Әлеуетті қарыз алушылардың тізімін жергілікті атқарушы билік жасайды. Бағдарламаға қатысуға zhilfond.kz сайтында болжам бойынша биылғы жылдың наурыз айынан бастап өтініштер қабылданады, - деп жауап берді Жансұлтан Матаев Elorda.info тілшісінің арнайы сұрағына.

Сондай-ақ банк филалының басшысы «Елорда жастары» бағдарламасы бойынша осы уақытқа дейін қанша адам үйлі болғанына да тоқталып өтті.

Жалпы 2021-2022 жылдар аралығында бағдарламаға қатысуға 1 179 адам өтініш берді, оның ішінде төлем қабілеттілігін растаған 184 жас маман баспаналы болды, берілген ипотекалық кредит сомасы – 3,12 млрд теңгеге жуық, - деп сөзін түйіндеді спикер.

«Астанадан 20 млн. теңгеге 3 бөлмелі пәтер алдым»

«Елорда жастары» бағдарламасы арқылы бір арманы орындалған астаналық Жанна Бекішовадан бас шаһардың төрінен баспананы қалай алғаны туралы сұраққа жауап алу үшін онымен аз-кем сұхбат құрдық.

«Әйтеуір үйлі болармын» деп той-томалаққа бармасам да, тірнектеп, үнемдеп жүріп, 2014 жылдан бастап «Отбасы банктегі» шотыма ақша жинай бастадым. Ал бұл бағдарлама туралы карантин кезінде 2021 жылы әлеуметтік желіден көріп қалдым. Сол жылы әуелі оңтүстік астанамызда «Алматы жастары» деген бағдарлама шығып жатты. «Шіркін, осындай бағдарлама елордада да болса ғой» деген арман болды. Арманым орындалып, кейіннен біздің қалаға да келді. Құрбымның жетелеуімен осы бағдарламаға қатыстым. 7 күн ішінде бағдарламаға құжат тапсырып үлгеруің керек. Өзім С.Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқытушы болып жұмыс істеймін. Бағдарламаға қатысушылардың ішінде ЖОО және ҒЗИ қызметкерлері санатына кірдім. Жас жағынан да келмей қаламын-ау деген қорқыныш болды. Өйткені осы бағдарламаға құжат тапсырған кезімде 2021 жылдың күзінде жасым 35-те болатын, ал 2022 жылдың ақпанында 36-ға толдым. Бағдарлама басталмас бұрын барлық тиісті құжатты жинап қойдым. Тек бағдарламаның басталуын күттім. Барлық талапқа сай келдім. Бір қызығы, 2014 жылдан бері жинап жүрген депозиттегі қаражатым бағдарламаға қатысар кезде тура 1,8 миллионға жетіп қалыпты. «Елорда жастары» басталғаннан кейін 1 айдан соң нәтиже шықты. 10 күн ішінде «Отбасы банкіне» барып, сертификатты растау қажет болды. 2021 жылдың желтоқсан айында сертификатымды алып, 2022 жылдың қаңтарынан бастап үй іздей бастадым. Онлайн кезекке тұру қажет. 10 күн уақытым болды. Осы уақыттың ішінде сертификатты растап үлгермесем, ол резервте тұрған келесі адамға көшеді екен. Үй алуға 3 ай уақыт берілді. Сөйтіп Астанадан 20 миллионға алғашқы нарықтан 3 бөлмелі пәтерімді алдым. Оның 2 миллионын өзіміз құйдық. Қалғанын банктен ипотекаға алдық. Ай сайын 142 мыңнан төлейміз. Негізі әу баста 2 бөлмелі болған пәтерді 3 бөлмелі етіп жасап алдық. Әр әрекеттің берекеті бар екен, осындай керемет нәтижеге қол жеткіздік, - деп өз қуанышымен бөлісті пәтер иесі.

Жанна, сондай-ақ, жастарға да алда басталатын осы бағдарламаға қатысуға кеңес береді. Өйткені бұл бағдарламаның шарттары да жеңіл екен.

Осындай мүмкіндік берген қала әкімдігі мен «Отбасы банкіне» алғысым шексіз. Үйсіз жүрген жастар үшін бұл өте тиімді бағдарлама.

Қазіргі жастар өте ақылды, көздері ашық. Үй алудың барлық тетіктерін біледі. Осындай бағдарлама көп болса екен. Енді жастарға, барлық танысыма: «Осы бағдарламаға қатысыңдар!» деп үгіттеп, оның артықшылықтарын айтып насихаттап жүрмін. Осы бағдарламаның игілігін көрер жастарымыз көп болсын, - дейді Жанна Бекішова.

АЯУЛЫМ АЛТЫНБЕК