Елорда жаңалықтары

Елорданың қоғамдық көліктері төтенше жағдайдан кейін қандай тәртіппен жұмыс істеп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктері 12 мамырдан бастап қайта жұмысына кірісті. City Transportation Systems компаниясының басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов автобустардың жұмыс тәртібі, санитарлық талаптары мен карантин кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауы туралы БАҚ өкілдеріне түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Қазіргі уақытта елорданың барлық қоғамдық көліктері желіде толығымен жұмысқа кірісті. Ал қала маңына қатынайтын автобустар қалалық жедел штабтың шешімімен екінші кезеңде іске қосылатыны белгілі болды. «Қала ішіндегі автобустардың жұмысы жанданғанына бүгін үшінші күн. Бүкіл 6 автобус паркі іске кірісті. Автобустар қажеттіліктерге қарай беріледі. Автобустың бәрі соңғы аялдамадан кейін міндетті түрде дезинфекцияланады. Санитарлық дәрігердің қаулысы барынша орындалып жатыр. Республика ішінде біз ғана қолма-қол жолақы төлеуден 100 пайыз бас тартып отырмыз. Қазіргі уақытта жүргізуші мен жолаушылар арасында ешқандай байланыс болмайды. Бұл – вирустың таралмауы үшін жасалып отырған өте маңызды талап. Сондай-ақ, жолаушылардың автобус салонына кіруі алдыңғы есік арқылы жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде жүргізушінің жолаушылардың маска кигенін, ара қашықтық сақтағанын, жолақы төлегенін, сондай-ақ сыйымдылығын бақылауына ыңғайлы болмақ», - деп түсіндірді Б.Игенбердинов. Басқарма төрағасы сөзін жалғай отырып, қарбалас сәтте кейбір маршруттарда ара қашықтық сақтау қиынға соғатынын жеткізді.Ал автобус салонындағы мұндай мәселелерді анықтау үшін 250 қызметкер жұмылдырылғанын қозғап өтті. «Қарбалас уақытта автобустарда кейбір қиындықтар бар. Бас санитарлық дәрігердің талаптарына қарамастан жолаушылар адам толы автобусқа кіруге тырысады. Жұртшылық Нұр-Сұлтан қаласында белгіленген санитарлық-дезинфекциялық режимнің талаптарын сақтауы тиіс. Сол себепті қала тұрғындарынан өзіне және өзгелеріне құрметпен қарауын сұраймын. Жүргізушілердің де жолаушыларға бұл проблеманы түсіндіруі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Сонымен қатар автобустағы адамның көптігін бақылау мен мониторинг жасау үшін және ара қашықтықты сақтау бойынша елорданың көлік блогының 250-ге жуық қызметкері қосымша жұмысқа тартылды. Бұған қоса олар аялдамаларда тұрып, бейнекамералар арқылы жұмыс істейді, маршруттар бойынша қозғалады. Қазіргі уақытта біз жалпы жұмыс айқын жолға қойылды деп сеніммен айта аламыз. Тасымалдаушының жұмысы да үйлесімді жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті ол. Қоғамдық көліктер жұмысына қайта кіріскен күні 146 907 жолаушы мінсе, келер күні-ақ 205 295 адамға жетті. Ал карантин тәртібі енгізілгенге дейін автобусты 762 мың адам күнделікті пайдаланатын. «Біз қай автобусқа адам көп мінетін анықтаған бойда, мүмкіндігінше қосымша көлік жіберуге тырысамыз. Бізде резерв бар. Жұртшылық бір жарым айға жуық қоғамдық көлікке мінген жоқ. Сол себепті қазір қалыптан тыс ағымдарды қайта топтау жүргізіліп жатыр. Мәселен, бізде 10, 12 бағыттағы автобустарға адам көп мінген болса, кейбіріне орташа деңгейде күш түсетін. Қазір жағдай басқаша, аталған маршруттардағы жолаушы саны өзгелерімен салыстырғанда аздау. Бұл ағымдарды қайта топтауға байланысты болып жатыр. Яғни, біз қай жерде қандай ұйым жұмысына кіріскенін назарда ұстап отырамыз. Қазіргі уақытта шағын және орта бизнес толығымен жұмысына кіріскен жоқ. Сол себепті күн сайын адам ағыны көбейеді деп күтіп отырмыз. Тиісінше қосымша автобустар қосамыз. Жылжымалы құрам барынша дайындалып, жөндеуден өтті. Жазға дайын», - деп сөзін жалғады. CTS басшысы қарбалас уақытта 55 жастан жоғары кісілер автобусқа мінбеуі жайлы кеңес берді. «Тарифтеу жүйесі өзгерді. Ол ары қарай да жалғаса береді. 18 жасқа дейінгі балалар көлік картасы болған жағдайда тегін жүреді. Осы орайда қала тұрғындарынан, 55 жастан жоғары кісілер, әсіресе зейнет жасындағы азаматтар қарбалас уақытта қоғамдық көлікке мінбеуін сұраймын», - деп Бермырза Игенбердинов сөзін аяқтады.

-->