Елорда жаңалықтары

Елордада ерекше балалар Азия чемпионымен жүздесті

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында бокстан Азия чемпионы Санжар Тәшкенбай Amanat партиясы қалалық филиалының қолдауымен «Жас жауынгер» дене шынықтыру-сауықтыру клубындағы ерекше қажеттілігі бар спортшылармен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Чемпион жас спортшылармен бірге жаттығып, өзінің бар білетінімен бөлісті. Кездесуге қатысқан әр балаға партия атынан сыйлықтар берілді.

Ерекше балаларға арналған «Жас жауынгер» орталығы елордада 2018 жылы ашылған. Мұнда ерекше қажеттіліктері бар балалар аптасына үш рет бейімделу спортымен шұғылданады. Бәрі тегін. Балаларға арналған ерекше спорт залдың негізін қалаушы – емдік дене тәрбиесі бойынша нұсқаушы Садық Байымбетов.

2020 жылы Садық пен оны қолдайтындарға Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жауынгерлік өнер қауымдастығы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайынан зал ұсынған, қазір мұнда 4 жастан 23 жас аралығындағы 70 бала бейімделу спорт түрлерімен айналысады. Жас спортшылар бокс, күрес, армрестлинг және ММА (аралас жекпе-жек) секцияларына қатысады. Сондай-ақ, әдістемеге сәйкес залда бір кілемде ерекше балалар, екіншісінде қарапайым балалар айналысады. Бұл балалар арасындағы шекараны бұзып, қоғамдағы психологиялық және әлеуметтік бейімделуге ықпал етеді.

Айта кетейік, 2022 жыл Қазақстан халқына қорының қолдауымен еліміздің 11 қаласынан «Жас жауынгер» бейімдеу спорт орталығы ашылды. Ауру ұлт талғамайтынын алға тартқан жоба авторы алдағы уақытта Франция, Түркиядан да «Жас жауынгер» бейімдеу спорт орталығы филилардарының пайда болатынын жеткізді.

-->

Балаларымыз үшін бұл үлкен мотивация, олар чемпионға еліктеп, мақсатқа жетуге тырысады. Балалар бүгін Азия чемпионы Санжар Тәшкенбаймен кездесті. Былтыр жазда орталығымызға Хабиб Нурмагомедов келді. Бұл балалардың мүмкіндігі шектеулі дей алмаймыз. Себебі әрқайсысының арманы бар. Ал атақты спортшылар оларға жігер сыйлайды. Бүгін чемпионмен бірге жаттығып, ең соңында Amanat партиясы қалалық филиалы атынан медальдарға ие болды, – деді С.Байымбетов.

2020 жылы Садық пен оны қолдайтындарға Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жауынгерлік өнер қауымдастығы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайынан зал ұсынған, қазір мұнда 4 жастан 23 жас аралығындағы 70 бала бейімделу спорт түрлерімен айналысады. Жас спортшылар бокс, күрес, армрестлинг және ММА (аралас жекпе-жек) секцияларына қатысады. Сондай-ақ, әдістемеге сәйкес залда бір кілемде ерекше балалар, екіншісінде қарапайым балалар айналысады. Бұл балалар арасындағы шекараны бұзып, қоғамдағы психологиялық және әлеуметтік бейімделуге ықпал етеді.

Ерекше балаларға арналған «Жас жауынгер» орталығымен тығыз жұмыс істейміз. Бұл балалардың қоғамға бейімделуіне айтарлықтай әсер етеді. Барлық жеңіс бала арманнан басталады. Сондықтан партия атынан жас спортшыларды барынша қолдаймыз, - деді Amanat партиясының өкілі Бағдаулет Жанділдаев.