Пойыздар шағын стансаларда тоқтамайды
Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов пойыздар шағын стансаларда әзірге тоқтамайтынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Біз теміржол тасымалдаушыларына бастапқы кезеңде жолаушыларды шағын стансаларда түсіріп, отырғызуды шектеуді ұсындық. Бастапқыда пойыздар ірі қалалар мен облыс орталықтарында тоқтайды. Одан кейін мониторинг барысында коронавирус анықталмаған жағдайда жолаушыларды шағын стансаларда түсіріп, отырғызуға рұқсат беріледі. Бұл қауіпті вирустың таралуына жол бермеу үшін жасалып отыр», - деді Сәдуақас Байғабылов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
-->Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов пойыздар шағын стансаларда әзірге тоқтамайтынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Біз теміржол тасымалдаушыларына бастапқы кезеңде жолаушыларды шағын стансаларда түсіріп, отырғызуды шектеуді ұсындық. Бастапқыда пойыздар ірі қалалар мен облыс орталықтарында тоқтайды. Одан кейін мониторинг барысында коронавирус анықталмаған жағдайда жолаушыларды шағын стансаларда түсіріп, отырғызуға рұқсат беріледі. Бұл қауіпті вирустың таралуына жол бермеу үшін жасалып отыр», - деді Сәдуақас Байғабылов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.