Елорда жаңалықтары

Жеңіс Қасымбек LRT жобасы келесі жылы аяқталатынын айтты

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек «Хабар 24» телеарнасындағы «President» бағдарламасында LRT жобасы келесі жылы аяқталатынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Әкімнің айтуына қарағанда, жерүсті метрополитенінің құрылысын аяқтау жұмысы өткен жылы басталған. Енді қалған барлық шаруа келер жылдың соңында аяқталады.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте LRT жобасы сөз болды.

Президент LRT жобасы қате болғанын, бірақ оны тоқтатсақ, шығын одан да көп болатынын айтқан болатын.

-->

Өткен жылы Үкімет алғашқы қаржыны берді. Биыл бұл нысан құрылысы белсенді жүреді. Қазір жұмысты пысықтап, техника бойынша, осы ЛРТ-да жұмыс істейтін пойыздар бойынша аванстық төлемдер жүріп жатыр. Жоба 2023-2024 жыл ішінде жүзеге асырылып, келесі жылдың соңына дейін іске қосылуы тиіс деп жоспарланған, - деді Жеңіс Қасымбек.