Ыстығы көтерілген жолаушы сапарын жалғастыра алмайды
Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов онлайн брифингте жолаушылардың ыстығы көтерілгенде жол жүруге қаншалықты рұқсат берілетіні туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Кез келген теміржолда, әуежайда медициналық персонал қызмет көрсетеді. Жолға шығардың алдында жолаушының температурасы көтеріліп тұрса, оған тексеріс жүргізіледі. Егер коронавирус инфекциясы анықталса, бірден ауруханаға жатқызылады. Жағдайы тұрақталса, жол жүруге рұқсат беріледі. Ал егер ыстығы 38-39 градусқа дейін көтерілсе, әрине, жол жүруге болмайды. Ондай жағдайда карантинге жатқызылады», – деді ол.
-->Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов онлайн брифингте жолаушылардың ыстығы көтерілгенде жол жүруге қаншалықты рұқсат берілетіні туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Кез келген теміржолда, әуежайда медициналық персонал қызмет көрсетеді. Жолға шығардың алдында жолаушының температурасы көтеріліп тұрса, оған тексеріс жүргізіледі. Егер коронавирус инфекциясы анықталса, бірден ауруханаға жатқызылады. Жағдайы тұрақталса, жол жүруге рұқсат беріледі. Ал егер ыстығы 38-39 градусқа дейін көтерілсе, әрине, жол жүруге болмайды. Ондай жағдайда карантинге жатқызылады», – деді ол.