Елорда жаңалықтары

Пойыз жолаушыларының қалай отырғызылатыны белгілі болды

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов пойызда жолаушылардың қалай отыратынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Жолаушылар вагондарына билеттері бойынша отырғызылады. Отырғызу бойынша қосымша талаптар жоқ. Адамдар купе мен плацкарт вагондарында да, Тальго пойыздарында да билеттер бойынша отырады. Пойыздарда, тамбурларда жолаушылардың бетперде киюі, жүріп-тұруы және топталып жиналмауын жолсеріктер бақылайды. Жолаушылар стандартты түрде отырғызылады», - деді Сәдуақас Байғабылов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Бұған қоса оның айтуынша, пойызда бұрынғыдай тамақтануға рұқсат етіледі. Оған ешқандай тыйым салынған жоқ.

-->