Елорда жаңалықтары

Мырзағалиев: Кіші Аралдағы экология жақсарды

Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қызылорда облысына жасаған сапарында Кіші Аралдағы дамбаны тексеріп шықты, деп хабарлайды Елорда Инфо. Бұл туралы министр өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады. "Еліміздің оңтүстігінде жұмыс сапарымен жүрмін. Қызылорда облысының əкімі Гүлшара Əбдіхалықовамен бірге Кіші Аралға бардым. Солтүстік Аралдағы жағдайдың жақсаруына Көкарал дамбасының салынуы үлкен əсер еткен. Бүгінде ондағы су көлемі 27 текше шақырымға жетті. Өңірдегі экология жақсарып, балық шаруашылығы дамуда. Балықтың 20-дан астам түрі бар", – деп жазды министр. Ол дамба стратегиялық мəнге ие болғандықтан, оның жағдайын ұдайы бақылауда ұстау қажет екенін атап өтті.  "Бұл мақсатта оны күшейту жұмыстары жоспарлануда. Жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып жатыр. Алдағы уақытта жоба іске асырылып, оны салу кезінде жұмыс орындарын құруға мүмкіндік туады", – деді ол. 

-->