Жапонияның гуманитарлық көмегі Қазақстанға жетті
Жапония үкіметі гуманитарлық көмек ретінде жіберген 12 200 таблеткадан тұратын препараттар Алматы қаласына жетті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі еліміздің сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. Бұл коронавирусты емдеу үшін қолданылатын дәрі-дәрмектер. Гуманитарлық көмек «Scat» әуе компаниясының арнайы рейсімен жеткізіліп, медициналық мекемелер арасында одан әрі тарату үшін «СҚ-Фармация» ЖШС-не табыс етілді. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Жапония үкіметіне екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік рухына сай келетін достық ықыласы үшін алғыс білдіреді.
-->Жапония үкіметі гуманитарлық көмек ретінде жіберген 12 200 таблеткадан тұратын препараттар Алматы қаласына жетті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі еліміздің сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. Бұл коронавирусты емдеу үшін қолданылатын дәрі-дәрмектер. Гуманитарлық көмек «Scat» әуе компаниясының арнайы рейсімен жеткізіліп, медициналық мекемелер арасында одан әрі тарату үшін «СҚ-Фармация» ЖШС-не табыс етілді. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Жапония үкіметіне екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік рухына сай келетін достық ықыласы үшін алғыс білдіреді.