Елордалық дәрігерлер жарақат алған жігіттің қолын аман сақтап қалды
Астанада №2 көпбейінді қалалық аурухана дәрігерлері өндірісте зардап шеккен жас жігіттің қолын аман сақтап қалды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Науқас 7 қаңтар күні шұғыл түрде ауыр жарақатпен ауруханаға түскен. Жас жігіттің оң қолы иығының жоғары тұсынан бөлініп кеткен.
Аталмыш ауыр отаны екі дәрігерлер бригадасы 2 кезеңмен жүргізді. Бірінші кезеңде ангиохирургтар қан ағымын қалпына келтіру үшін тамырларды тігіп, екінші кезеңде травматологтар бұлшықеттерді, нервтерді, сіңірлер мен сүйектерді қалыпқа келтірді.
Қазір науқас оңалту курсынан өтіп жатыр, дәрігерлер оң қолдың жұмысын қалпына келтіруге белсенді қатысып, әртүрлі әдістерді қолдануға кеңес беруде.
-->Астанада №2 көпбейінді қалалық аурухана дәрігерлері өндірісте зардап шеккен жас жігіттің қолын аман сақтап қалды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Науқас 7 қаңтар күні шұғыл түрде ауыр жарақатпен ауруханаға түскен. Жас жігіттің оң қолы иығының жоғары тұсынан бөлініп кеткен.
Аталмыш ауыр отаны екі дәрігерлер бригадасы 2 кезеңмен жүргізді. Бірінші кезеңде ангиохирургтар қан ағымын қалпына келтіру үшін тамырларды тігіп, екінші кезеңде травматологтар бұлшықеттерді, нервтерді, сіңірлер мен сүйектерді қалыпқа келтірді.
Ота шамамен бес сағатқа созылды. Біз әр отада барлық дене мүшелерін мүмкіндігінше сақтап қалуға тырысамыз. Бұл жолы тамыр-жүйке байламына толық ревизия жасау керек болды, тігіс барлық бұлшықеттерге қойылды, өйткені қол толықтай бөлінуге ұшыраған. Бастапқыда қолды сақтап қалу және оның функциясын қалпына келтіру мүмкіндігі аз еді. Отаның сәтті аяқталғанына өте қуаныштымыз, - деді ангиохирург дәрігер Дастан Сабырұлы.
Қазір науқас оңалту курсынан өтіп жатыр, дәрігерлер оң қолдың жұмысын қалпына келтіруге белсенді қатысып, әртүрлі әдістерді қолдануға кеңес беруде.
Біз отаны одан кейінгі оңалту әлдеқайда жылдам жүзеге асатындай етіп жасай алдық. Барлығы біріктірілді, қазіргі уақытта науқасты ешнәрсе мазаламайды, - деді травматолог дәрігер Әлімжан Дүйсенбаев.