Елорда жаңалықтары

Карантиндегі спорт: 100 мыңнан астам адам онлайн жаттығуларға қатысты

Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев елімізде төтенше жағдай мен карантин кезінде онлайн жаттығулар ұйымдастырылғанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бұл жобаға министрлігіміз бастамашы болды. Онлайн жаттығулар бойынша «Біз біргеміз. Алға Қазақстан» акциясы өтті. Әрине, түрлі челленджді көріп, оларды спорт ұйымдарының, мәдениет қызметкерлерінің белсенді қолдағанына куә болып, қуандық. Статистикаға келсек, барлығы 100 мыңнан астам адам осы онлайн жаттығуларға қатысты. Әсіресе, боксшылар мен дзюдошылар жаттығуларының қаралым саны көп болды», - деді Серік Жарасбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

-->