Елорда жаңалықтары

Мұндай да болып тұрады: А.Жұмағалиев бір азаматтың 30 жыл бейтаныс әйелмен некеде тұрғаны туралы

Цифрландыру жөніндегі комиссия отырысының күн тәртібіне мемлекеттік органдардың дерекқорларын түзету жөніндегі маңызды мәселе енгізілді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен дерекқорларын интеграциялағаннан кейін, бұрынғы автокөлігімнің өз атымда тіркеуде тұрғанын анықтағанымды айтқаным естеріңізде болар. Бұл мәселе әлі де өзекті. Азаматтардың көлік, салық, азаматтық хал актілері бойынша осындай жағдайға тап болып жатқаны ара-тұра кездеседі. Жақында бір азаматтың 30 жыл бойы бейтаныс әйелмен некеде тұрғанын анықтағаны туралы жазбасын оқыдым. Азаматтық хал актілерін цифрлау кезінде мемлекеттік органның қызметкері жүйеге мұрағаттағы деректерді енгізу барысында абайсызда қате жазып жіберген болуы керек. Адами фактор, мұндай да болып тұрады", – деп жазды министр.

-->