Елорда жаңалықтары

Астана маңындағы Лесная поляна атауы өзгеруі мүмкін

Ақмола облысы, Қосшы қаласына қарасты «Лесная поляна» шағынауданының атауын қазақшалауға байланысты аталған ауданда Қосшы қаласының әкімінің орынбасары Берген Жұмкейұлының басқарумен халықтық тыңдау өтті, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. 

Жиында Қосшы тұрғындары «Сарқырама», «Нияз би» және «Көктоғай» қатарлы бірнеше атау ұсынды. 

Бұл туралы аталған талқылауға қатысқан Қосшы қаласының тұрғыны жазушы, журналист Бақытбек Қадырдың айтуынша, кез-келген елдімекенге жаңа атау ұсынғанда тарихи топоминдерге негізделеді. Осындай ономастиканың механизмдері бар. Осы ретте «Лесная поляна» шағынауданы жеке елдімекен емес. Бұл Қосшы қаласына қарасты шағынаудан. Оған тарихи атау берудің керегі жоқ. Екінші шағынаудан атауларына адам есімін беру - өткен дәуірден қалған нәрсе. Жаңа жерге жаңа атау керек. Лесная поляна - орманды алқап деген сөз. Дұрыстап қазақшаға аударсақ Көктоғай деуге болады. Мұндай қазақта жер-су атаулары тәжірибеде бар. Мәселен, Көкбекті, Көкжыра немесе Ақтоғай, Сартоғай т.б.

Айта кетейік, қоғамдық талқылаудың соңында жиынға келген барлық қатысушылар өздерінің ұсынған атауларын әкімшіліктың берген өтініш қағазына жазып қалдырды. Ұйымдаструшылар осы ұсынылған атауларды қортындылап, оны облыстық ономастикалық комиссияға тапсыратынын айтты.

-->

Сондықтан мен осы шағынауданның атауы «Көктоғай» болғанын жөн көремін. Менімен бірге осында тұратын бір топ зиялы азаматтар да мен айтқан атауды ұсынып отыр. Ономастика комиссиясы жергілікті тұрғындардың уәжін ескереді деп есептеймін, — дейді Бақытбек Қадыр. 