Елорда жаңалықтары

Елордалық 81 жастағы қария ағылшын тілін үйреніп жүр (ВИДЕО)

81 жастағы елорда тұрғыны Қайыпқали Смағұлов ағылшын тілін үйреніп жүр. Ол Еуразия ұлттық университеті жанынан ашылған Күміс университетінде дәріс алып жүр. Бұл туралы Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасында айтылады, деп хабарлады Elorda.info.

Телеарна мәліметіне қарағанда, ақсақал 8 бала, 5 немере, 3 шөбере сүйіп отыр. Ол алты техникалық, төрт қосымша мамандықты игерген. Еңбек өтілі 50 жылдан асады. Зейнеткердің айтуынша, әлемнің 70 пайыздан аса халқы ағылшын тілінде сөйлейді әрі жастар да ағылшын тілін біледі.

Ал мұғалімдер зейнеткердің курсқа екі айдан бері қатысып жүргенін әрі жауапкершілігімен, белсенділігімен, қызығушылығымен көзге түсетінін айтады.

Қайыпқали Смағұлов алдағы мақсаттарын да бөлісті.

-->

Немерелерімнің оқып жүрген тілін мен де білгім келіп, күш салып, бір жағынан үлгі болсын деп ойлаймын, - дейді ақсақал. 

Ал мұғалімдер зейнеткердің курсқа екі айдан бері қатысып жүргенін әрі жауапкершілігімен, белсенділігімен, қызығушылығымен көзге түсетінін айтады.

Сабақтан қалмайды, барлық тапсырманы орындайды. Интернетті пайдаланып, өз-өзін дамытуға мән береді, - деді ол.

Қайыпқали Смағұлов алдағы мақсаттарын да бөлісті.

Ағылшын тілін аяғына дейін жеткізуім керек. Тілді меңгерген соң шетелге шығып, саяхат жасап, олардың мәдениетін, экономикасын, саяси жағдайларын байқау деген үрдіс бар. Соны орындауым керек, - дейді ол.