Вакцинация мәжбүрлі түрде болмайды – Біртанов Парламент мақұлдаған Кодекс туралы айтты
. Бұл туралы министр өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Парламент Мәжілісінің депутаттары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Алайда бұл тек жұмыстың жартысы ғана. Әлі де көп жұмыс атқарылуы керек. Бірақ Мәжілісте Кодекс жобасын қарау барысында вакцинация, донор, трансплантация, психикалық және репродуктивтік денсаулықты қорғау, скринингтер, медициналық персоналдық анықтамаларды жинау, темекі бұйымдарын қолдануды бақылау жөніндегі нормаларға қатысты бәтуаластық табылды. Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесіне бөлек тарау арналды. Президенттің тапсырмасы бойынша санитарлы-эпидемиологиялық қызметтің рөлін күшейту жөніндегі норма қарастырылды», – деп жазды министр. Оның сөзінше, бұған дейін денсаулық сақтау саласында ешбір заң мұндай ашық әрі ауқымды түрде талқылаудан өтпеген. «Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында және өзге де өңірлерде көптеген отандық және халықаралық сарапшыларды, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдерін тарту арқылы 11 ашық талқылау жүргізіліп, жұмыс тобының 42 отырысында мыңнан аса түзету енгізілді. Айта кету керек, өңірлерге жасаған сапарларымда әріптестерімізге Кодекс жобасының нормаларын таныстырып отырдым. Ал вакцинацияға бөлек тоқталғым келіп тұр. Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде міндетті вакцинация туралы жағымсыз пікір білдіріп, сапасыз вакцина туралы айтып, жосықсыз сатып алу жөнінде сөз етіп, бұл Кодекстің қабылдануына қарсылық танытқандар қатары аз емес. Алайда Қазақстанда вакцинация мәжбүрлі түрде болмаған, болмайды да. Бүкіл әлемдегі сияқты біздің елімізде де ерікті және міндетті вакциналар болады. Бірақ әр жағдайда вакцинацияға келісім беру немесе одан бас тарту құқығы ата-аналардың өз құзырында болып қала береді. Ешқандай құқықты шектеу жоқ. Тек бір ғана норма міндет. Ол – ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету, яғни балабақшаларға баратын барлық баланың денсаулығын қорғау», – деді Біртанов. Денсаулық сақтау министрі 2019 жылы 4 841 334 екпе алғандардың 143-і ғана жағымсыз әсерде болғанын, яғни ыстығы көтеріліп, терісі қызарғанын, бұл жалпы көрсеткіштің 0,003 пайызын ғана құрайтынын, ал 2019 жылы вакцинадан қайтыс болған балалар саны – 0 екенін жеткізді. «Қазақстандағы әр вакцина қауіпсіздігі, әсер етуі және сапасы жағынан GMP халықаралық өндірістік тәжірибесіндегі көп кезеңді тексерістен өтеді. Сапаны бақылау тіркеу кезеңінен басталады. Егер вакцина халықаралық ұйымдар арқылы сатып алынса, онда сапа қауіпсіздігінің бағасы ДДСҰ деңгейінде өтеді. Біз бұған дейін сапа қауіпсіздігінің бағалау процесінің қалай өткізілетінін үнемі жариялап жүрдік. Бұдан былай да бұл мәселені ашық түрде жалғастыратын боламыз», – деді ол. Сондай-ақ министр осы заң жобасын жүзеге асыру үшін зор үлес қосып жүрген сарапшыларға, депутаттарға, жекелеген азаматтарға ризашылығын жеткізіп, бұл Кодекстің елдің медициналық саласының одан әрі дамуына, халық денсаулығының жақсаруына серпін беретініне сенім білдірді.
--> Қазақстанда вакцинация мәжбүрлі түрде болмаған, болмайды да. Бұл туралы министр өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Парламент Мәжілісінің депутаттары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Алайда бұл тек жұмыстың жартысы ғана. Әлі де көп жұмыс атқарылуы керек. Бірақ Мәжілісте Кодекс жобасын қарау барысында вакцинация, донор, трансплантация, психикалық және репродуктивтік денсаулықты қорғау, скринингтер, медициналық персоналдық анықтамаларды жинау, темекі бұйымдарын қолдануды бақылау жөніндегі нормаларға қатысты бәтуаластық табылды. Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесіне бөлек тарау арналды. Президенттің тапсырмасы бойынша санитарлы-эпидемиологиялық қызметтің рөлін күшейту жөніндегі норма қарастырылды», – деп жазды министр. Оның сөзінше, бұған дейін денсаулық сақтау саласында ешбір заң мұндай ашық әрі ауқымды түрде талқылаудан өтпеген. «Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында және өзге де өңірлерде көптеген отандық және халықаралық сарапшыларды, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдерін тарту арқылы 11 ашық талқылау жүргізіліп, жұмыс тобының 42 отырысында мыңнан аса түзету енгізілді. Айта кету керек, өңірлерге жасаған сапарларымда әріптестерімізге Кодекс жобасының нормаларын таныстырып отырдым. Ал вакцинацияға бөлек тоқталғым келіп тұр. Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде міндетті вакцинация туралы жағымсыз пікір білдіріп, сапасыз вакцина туралы айтып, жосықсыз сатып алу жөнінде сөз етіп, бұл Кодекстің қабылдануына қарсылық танытқандар қатары аз емес. Алайда Қазақстанда вакцинация мәжбүрлі түрде болмаған, болмайды да. Бүкіл әлемдегі сияқты біздің елімізде де ерікті және міндетті вакциналар болады. Бірақ әр жағдайда вакцинацияға келісім беру немесе одан бас тарту құқығы ата-аналардың өз құзырында болып қала береді. Ешқандай құқықты шектеу жоқ. Тек бір ғана норма міндет. Ол – ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету, яғни балабақшаларға баратын барлық баланың денсаулығын қорғау», – деді Біртанов. Денсаулық сақтау министрі 2019 жылы 4 841 334 екпе алғандардың 143-і ғана жағымсыз әсерде болғанын, яғни ыстығы көтеріліп, терісі қызарғанын, бұл жалпы көрсеткіштің 0,003 пайызын ғана құрайтынын, ал 2019 жылы вакцинадан қайтыс болған балалар саны – 0 екенін жеткізді. «Қазақстандағы әр вакцина қауіпсіздігі, әсер етуі және сапасы жағынан GMP халықаралық өндірістік тәжірибесіндегі көп кезеңді тексерістен өтеді. Сапаны бақылау тіркеу кезеңінен басталады. Егер вакцина халықаралық ұйымдар арқылы сатып алынса, онда сапа қауіпсіздігінің бағасы ДДСҰ деңгейінде өтеді. Біз бұған дейін сапа қауіпсіздігінің бағалау процесінің қалай өткізілетінін үнемі жариялап жүрдік. Бұдан былай да бұл мәселені ашық түрде жалғастыратын боламыз», – деді ол. Сондай-ақ министр осы заң жобасын жүзеге асыру үшін зор үлес қосып жүрген сарапшыларға, депутаттарға, жекелеген азаматтарға ризашылығын жеткізіп, бұл Кодекстің елдің медициналық саласының одан әрі дамуына, халық денсаулығының жақсаруына серпін беретініне сенім білдірді.