Астанада ұлы тұлғалар ұлықталды
Астанада Amanat партиясы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Ұрпаққа аманат» қоғамдық дәрісін өткізіп жатыр. Ұлтымыздың көрнекті тұлғаларын ұлықтауға арналған іс-шара Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 гимназияда бастау алды, деп хабарлады Elorda.info.
Биыл алаш ардақтылары Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мәшhүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 165 жыл және Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірге келгеніне 130 жыл толып отыр. Осыған орай, партия тарихи-танымдық іс-шара ұйымдастырып, оған танымал ғалымдар, тарихшылар, қаламгерлер және жастар қауымы қатысты.
Ал белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы бұл аса маңызды бастама екенін жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Өз кезегінде, Amanat-тың Саяси жұмыс департаменті директорының орынбасары Еркебұлан Жаулыбаев бұл бастама тарлан тарихымызды, тұғырлы тұлғаларымызды, мәдениетіміз бен руханиятымызды насихаттау бағытында партия қолға алған алғашқы іс-шара емес екенін атап өтті.\
Сондай-ақ, іс-шара барысында ақын, «Мәдениет порталы» ЖСШ-ның құрылтайшысы Бауыржан Қарағыз, ақын, «Отан сақшысы» газетінің редакторы Рауан Қабдолда жырдан шашу шашып, ортаға орамды ой тастады.
Алдағы күндері дәріс Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында және Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінде жалғасады.
-->Астанада Amanat партиясы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Ұрпаққа аманат» қоғамдық дәрісін өткізіп жатыр. Ұлтымыздың көрнекті тұлғаларын ұлықтауға арналған іс-шара Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 гимназияда бастау алды, деп хабарлады Elorda.info.
Биыл алаш ардақтылары Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мәшhүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 165 жыл және Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірге келгеніне 130 жыл толып отыр. Осыған орай, партия тарихи-танымдық іс-шара ұйымдастырып, оған танымал ғалымдар, тарихшылар, қаламгерлер және жастар қауымы қатысты.
Төл тарихынан алыстаған адам өз тамырынан ажырайды. Сондықтан өскелең ұрпақ үшін бұл іс-шараның айрықша мәні мен маңызы бар. Біз бүгін ел тарихында ерекше орын алатын алып тұлғалардың өнегелі өмірі мен еселі еңбек жолын еске алып отырмыз. Олардың есімі әр отандасымыздың жадында жаңғырып тұруы тиіс, – деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев.
Ал белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы бұл аса маңызды бастама екенін жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ұлт қайраткерлерін ұлықтау, өткенді ұмытпау тек партияға артылған жүк немесе борыш емес. Кейінгі ұрпақтың, келешек жастардың көңіл көкжиегін кеңейтетін осындай келелі іс-шаралар жиі-жиі ұйымдастырылып, тарихи-танымдық әңгімелер ұдайы айтылып отыруы тиіс. Жас буын ұлтымыздың әдебиетін, мәдениетін өрге сүйреген заңғар тұлғалардың шығармашылығынан нәр алып, өмірін үлгі ете білуі қажет, – деді ақын.
Өз кезегінде, Amanat-тың Саяси жұмыс департаменті директорының орынбасары Еркебұлан Жаулыбаев бұл бастама тарлан тарихымызды, тұғырлы тұлғаларымызды, мәдениетіміз бен руханиятымызды насихаттау бағытында партия қолға алған алғашқы іс-шара емес екенін атап өтті.\
Amanat партиясының Саяси тұғырнамасында тарихымызды дәріптеу, руханиятымызды жаңғырту бағытындағы бастамаларға үнемі қолдау көрсетілетіні, алаш арыстарының ұлы мұраты үнемі үлгі-өнеге болатыны анық жазылған. Соның бір дәлелі ретінде, былтыр партия отандастарымыздың жан азығына айналған «Бабалар аманаты», «Алтын домбыра», «Тәуелсіз елім – тірегім» республикалық ақындар айтысын, жас қаламгерлерді қолдау мақсатында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын өткізді, – деді Е.Жаулыбаев.