Елорда жаңалықтары

18 мамырдан бастап еліміздегі барлық мешіттер ашылады

2020 жылдың 18 мамырынан бастап еліміздегі барлық мешіттер ашылады. Арнайы санитарлық талаптарға басты назар аударылатын болады. Бұл туралы Елорда Инфо Мұсылмандар діни басқармасына сілтеме жасап хабарлайды. Алдағы дүйсенбіден бастап мұсылман қауымының жеке құлшылық жасауына, Құран оқытып, неке қидыруына болады. Ал жамағатпен оқылатын намаздардың мерзімі алдағы уақытта қосымша хабарланады. «Жеке құлшылық кезінде, Құран оқыту, неке қидыру рәсімі барысында каринтан талаптарын қатаң ескерулеріңізді сұраймыз. Өзімізге қамқорлық – өзгелерге қамқорлық екенін естен шығармайық», деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

-->