Елорда жаңалықтары

Елордада өрт қауіпсіздігін 13 өрт сөндіру бөлімі қамтамасыз етеді

Бұл туралы «Астана қаласының коммуникациялар қызметі» алаңында Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Қуанар Базарбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

-->

Бұл туралы «Астана қаласының коммуникациялар қызметі» алаңында Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Қуанар Базарбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгінгі таңда елордада өрт қауіпсіздігін 1 500-ден астам адам, 13 өрт сөндіру бөлімі қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта 2 өрт сөндіру депосының құрылысы жүріп жатыр. «Көктал» және «Үркер» тұрғын алабында жаңа «Нұрлы жол» теміржол вокзалы ауданындағы №28 көше бойында тағы бір депо салу үшін ЖСҚ әзірленуде. Бүгінгі күні Өрт сөндіру қызметінде 193 бірлік техника бар. 2021-2022 жылдары екінші қаржы лизингі шеңберінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 48 бірлік техника жеткізілді, – деді ол.