Елорда жаңалықтары

«5-10-20» бағдарламасының талаптары белгілі болды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты ретінде «5-10-20» пилоттық жобасын іске қосады, деп хабарлайды Елорда Инфо банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл бағдарлама алдағы жарты жылда жүзеге асырылу көзделіп отыр. «Президент 11 мамырда «5-10-20» деп аталатын тұрғын үй бағдарламасын іске асыруды тапсырды. Біріншіден, бұл бағдарламаға үй кезегінде тұрғандар ілінеді. Олардың саны 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 540 мың адам. Одан соң мемлекеттік қызметкерлер, әскерилер және бюджеттік сала мамандары. Олардың саны 212 мың адам. Толық емес отбасылар, көпбалалы отбасылар және мүгедек бала тәрбиелеп отырған балалар да осы бағдараламаға қатыса алады», - деді «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова. «5-10-20» бағдарламасы аясында дәрігерлер, мұғалімдер және бюджеттік саланың өзге барлық қызметкерлері де қамтылмақ. Баспананы «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да сатып алуға болады. Қазір жобаның шарттары талқыланып жатыр және мынадай параметрлер ұсынылуда: * Нұр-Сұлтан, Алматы және осы қалалардың маңындағы аймақтар үшін 18 млн аспайды; * Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы үшін 15 млн теңгеден аспайды; * басқа аймақтар үшін 12 млн теңгеден аспайды. Әкімдіктер салған несие тұрғын үй бойынша 1 шаршы метрдің бағасы: * 240 мың теңгеге дейін – Алматы қаласында; * 220 мың теңгеге дейін – Нұр-Сұлтанда және осы қала маңындағы аймақта; * 200 мың теңгеге дейін – Шымкент қаласында және Алматы маңындағы аймақта; * 180 мың теңгеге дейін – Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан және Қарағанды облыстарында; * 160 мың теңгеге дейін – басқа аймақтарда. «5-10-20» пилот жобасы халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған қосымша шара ретінде әзірленіп жатыр. «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасының шарттары мен өзге де параметрлері алдағы екі аптада қабылдануы тиіс. Десе де оның негізгі шарттары мынадай болады: * Азаматтың өз басында баспана болмауы керек. * Азамат баспана кезегінде тұруы шарт; * ТҮҚЖБ-дегі депозитіңізде пәтер құнының 10 пайызы көлемінде жинақ болуы тиіс; * Тұтынушының несие алған мерзімінде берешек 5 пайыз үстемақымен өтеледі; * Қарызды қайтару уақыты 20 жылға дейін есептеледі.

-->