Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазіргідей күрделі кезеңде қолдау көрсетіп, гуманитарлық көмек бергені үшін алғыс айтып, жеделхат жолдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо. – Осынау қиын-қыстау кезеңде бауырлас қазақ елінің көрсеткен қолдауын, сондай-ақ, Орталық Азиядағы пандемиямен күреске Қазақстан тарапының қосқан үлесі мен күш-жігерін жоғары бағалаймыз. Екі ел арасындағы достық, тату көршілік, одақтастық және стратегиялық әріптестік алдағы уақытта да өзара түсіністік негізде дами береді деп сенемін, – делінген жеделхатта. Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, мемлекеттік қызметіне игілік, ал, бауырлас қазақ халқына бейбітшілік пен табыс тіледі.
-->Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазіргідей күрделі кезеңде қолдау көрсетіп, гуманитарлық көмек бергені үшін алғыс айтып, жеделхат жолдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо. – Осынау қиын-қыстау кезеңде бауырлас қазақ елінің көрсеткен қолдауын, сондай-ақ, Орталық Азиядағы пандемиямен күреске Қазақстан тарапының қосқан үлесі мен күш-жігерін жоғары бағалаймыз. Екі ел арасындағы достық, тату көршілік, одақтастық және стратегиялық әріптестік алдағы уақытта да өзара түсіністік негізде дами береді деп сенемін, – делінген жеделхатта. Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, мемлекеттік қызметіне игілік, ал, бауырлас қазақ халқына бейбітшілік пен табыс тіледі.