Бас дәрігер: Ауызашар өткізген отбасы коронавирус инфекциясын жұқтырды
Еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Денсаулық сақтау министрлігі өткізген тікелей эфирде ауызашар өткізгендердің арасынан коронавирус инфекциясы анықталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо. Айжан Есмағамбетова елде төтенше жағдай режимі тоқтатылғанмен карантин әлі сақталып тұрғанын атап өтті. Осыған байланыста ел ішінде көпшіліктің қатысуымен өтетін отбасылық, діни іс-шаралардың ұйымдастырылуына әлі де тыйым салынады. БАҚ өкілдері тарапынан отбасылық іс-шараларды қашан өткізуге болатыны жайлы сұраққа бас дәрігер бұған әлі жол берілмейтінін, мұндай жағдайда COVID-19 инфекциясы тез таралатынын мәлім етті. «Кеше бір оқиғаны анықтау барысында еліміздің бір өңірінде мұндай іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанмен оны орындамағандар анықталды. Ауызашар өткізген. Ал олардың ішінде бір адамнан COVID-19 инфекциясы анықталып отыр», - деді бас дәрігер. Осыған байланысты Есмағамбетова жұртшылыққа қонақ шақыруды, қонаққа баруды тоқтату туралы кеңес берді. Сол сияқты эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша ауызашар өткізуге тыйым салды. «Әзірге ерте, мұндай іс-шараларды тоқтата тұрыңыздар»,-деді А.Есмағамбетова.
-->Еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Денсаулық сақтау министрлігі өткізген тікелей эфирде ауызашар өткізгендердің арасынан коронавирус инфекциясы анықталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо. Айжан Есмағамбетова елде төтенше жағдай режимі тоқтатылғанмен карантин әлі сақталып тұрғанын атап өтті. Осыған байланыста ел ішінде көпшіліктің қатысуымен өтетін отбасылық, діни іс-шаралардың ұйымдастырылуына әлі де тыйым салынады. БАҚ өкілдері тарапынан отбасылық іс-шараларды қашан өткізуге болатыны жайлы сұраққа бас дәрігер бұған әлі жол берілмейтінін, мұндай жағдайда COVID-19 инфекциясы тез таралатынын мәлім етті. «Кеше бір оқиғаны анықтау барысында еліміздің бір өңірінде мұндай іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанмен оны орындамағандар анықталды. Ауызашар өткізген. Ал олардың ішінде бір адамнан COVID-19 инфекциясы анықталып отыр», - деді бас дәрігер. Осыған байланысты Есмағамбетова жұртшылыққа қонақ шақыруды, қонаққа баруды тоқтату туралы кеңес берді. Сол сияқты эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша ауызашар өткізуге тыйым салды. «Әзірге ерте, мұндай іс-шараларды тоқтата тұрыңыздар»,-деді А.Есмағамбетова.