Елорда жаңалықтары

Қазақстанда коронавирус жұқтырған екі жүкті әйел босанды

Қазақстанда коронавирус жұқтырған екі жүкті әйел босанды. Олардың екеуі де – Атырау тұрғыны. Бұл туралы Елорда Инфо Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. ⠀ №2 Атырау облыстық ауруханасында коронавирус жұқтырған екі жүкті әйел босанды. Аталған аурухананың білікті хирургтары мен анестезиолог мамандары, Атырау облыстық перинаталдық орталықтың дәрігер-реаниматологтары, гинекологтары және акушер құрамы мен неонатологтар оларды аман-есен босандырып алды. Салмағы 3,62 келі, бойы 53 см болып туған дені сау қыз баланы 29 жастағы әйел кесір тілігі арқылы дүниеге әкелді. Ал 24 жастағы әйел өздігінен салмағы 4,270 келі, бойы 56 см ұл баланы босанды. Жаңа туған нәрестелерден Covid-19-ға талдау алынды, нәтежисі енді шығады деп күтілуде. ⠀ «29 және 24 жастағы жүкті әйелдер инфекциялық стационарға жүктіліктің 38 аптасында коронавирус инфекциясының симптомсыз расталған жағдайымен қабылданған болатын. Босанған аналар жұқпалы аурулар бөлімшесінде хаттамаға сәйкес емін жалғастыратын болады. Нәрестелер аналарынан оқшауланып, арнайы әзірленген таза палатаға ауыстырылды. Жағдайлары қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауында" – деді №2 Атырау облыстық ауруханасы директорының орынбасары Надя Ерғалиева. ⠀ Айта кету керек, босану уақыты жақындаған 29 және 24 жастағы жүкті әйелден коронавирусқа қатысты тест қорытындысы оң нәтежие бергендіктен, аталған аурухананың изоляторына жатқызылған болатын. 

-->