Елорда жаңалықтары

Елордада көпбалалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапатталды

Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев осы ауданда тұратын 6-7 баласы бар көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапаттады. ҚР Президентінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №64 жарлығы бойынша мемлекеттік награда 5 анаға берілді, деп хабарлады Elorda.info.

«Алтын алқа» белгісі зейнеткер, бүгінде 65 жастан асқан елордалық Күміс Күнісова мен 38 жастағы Райгүл Матееваға берілді. Екеуінің де 7 баласы бар. Райгүл Матеева Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданында дүниеге келген. 15 жылдан бері елордада тұрады. 2021 жылғы 5 ақпандағы Президент Жарлығы бойынша «Күміс алқа» алқасымен наградталған.

«Күміс алқа» белгісін 6 баланың аналары – 38 жастаға Даврия Ақылбаева, 34 жастағы Әлемгүл Аяс, 45 жастағы Гаухар Жарқымбаева алды. Бұл әйелдердің көбі үй шаруасында, кейбірі қызметте.

Есіл ауданы әкімдігінің кадр бөлімінің бастығы Инара Серғазинаның айтуынша, елордада көпбалалы аналар саны жылдан жылға артып келеді.

     Райхан РАХМЕТОВА

-->

Бүкіл жаратылысқа өмірді аналар сыйлайды. Сондықтан дана халқымыз «Жәннат анаңның аяғының астында» дейді. Сіздердің жас ұрпақты тәрбиелеп өсіруде атқарып жатқан еңбегіңізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әлемдегі ең керемет мамандық – ана болуды таңдадыңыздар. Ана өмір, махаббат, жылу сыйлайды. Әрбір отбасындағы береке-бірлік әйелге байланысты. Көп баланы дүниеге әкеліп қана қоймай, оларды жетілдіріп, жеткізіп, дұрыс білім мен тәрбие беру – мемлекетіміздің іргесін нықтауда өте маңызды, әрі ол көп қажыр мен қайратты, шыдам мен сабырды, табанды еңбекті қажет етеді. Осы еңбегіңізге қарай ұрпақтарыңыз саналы да, тәрбиелі болып өсіп, еліміздің дамуына үлес қосатын азаматтар болып шықсын. Мемлекет өз тарапынан осындай отбасыларға әлеуметтік қолдау білдіруді жалғастырады,  - деді аудан әкімі.

«Алтын алқа» белгісі зейнеткер, бүгінде 65 жастан асқан елордалық Күміс Күнісова мен 38 жастағы Райгүл Матееваға берілді. Екеуінің де 7 баласы бар. Райгүл Матеева Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданында дүниеге келген. 15 жылдан бері елордада тұрады. 2021 жылғы 5 ақпандағы Президент Жарлығы бойынша «Күміс алқа» алқасымен наградталған.

Өзім шығыстан болғанмен, Шымкенттің келінімін. Ол жақта көп бала болмаса болмайды. 6 қыз, 1 ұлым бар. Ең үлкені 20 жастан асса, ең кішісі бір жарым жаста. Екеуі – студент, екеуі – мектепке, екеуі балабақшаға барады, кішкентайым қасымда. Отбасын күйеуім асырайды. Ол жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Ал мен үшін жұмыстың үлкені – осы, бала тәрбиесі, – дейді Райгүл.

«Күміс алқа» белгісін 6 баланың аналары – 38 жастаға Даврия Ақылбаева, 34 жастағы Әлемгүл Аяс, 45 жастағы Гаухар Жарқымбаева алды. Бұл әйелдердің көбі үй шаруасында, кейбірі қызметте.

Есіл ауданы әкімдігінің кадр бөлімінің бастығы Инара Серғазинаның айтуынша, елордада көпбалалы аналар саны жылдан жылға артып келеді.

2019-2020 жылдары Есіл ауданы бойынша ғана 40-50 адам осындай марапаттар алса, былтыр 107 ананы марапаттадық. Бүгінгі марапат биылдыққа бірінші рет өткізіліп отыр. Алдағы уақытта жыл бойына әр ай сайын осындай аналарды тағы да шақырып, белгілерін тапсырып отырамыз, - дейді ол.

     Райхан РАХМЕТОВА