Елорда жаңалықтары

Былтыр елордада өрттен 581 адам құтқарылды – ТЖД

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде генерал-майор Қ. Базарбаевтың төрағалығымен өткен жылдың қорытындысы бойынша кеңес өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Кеңесте өткен жылдың өзекті мәселелері талқыланып, ТЖ алдын алу және олардағы адамдардың өлімін болдырмау шаралары талқыланды.

Кездесуде 2022 жылғы қызметтік іс-қимыл қорытындылары туралы ТЖД бастығының орынбасары Д. Алдабеков, Өрт сөндіру қызметінің бастығы Н. Селимов, Кадр саясаты басқармасының бастығы А. Мұратов және Ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Аденов баяндады.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында департаменттің құтқару бөлімшелерінің 5 502 шығуы жүзеге асырылды. Департамент күшімен 581 адам құтқарылды, ТЖ аймағынан 173 адам эвакуацияланды, 47 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді. Барлығы 831 өрт тіркелген.

Кеңес қорытындысы бойынша Қ. Базарбаев департаменттің жеке құрамының жұмысына баға беріп, биылғы құрылым қызметінің тиімділігін арттыру бойынша міндеттер қойды. Оның ішінде: ТЖ фактілеріне нақты ден қою, үгіт-алдын алу жұмыстарын жүргізу. Сондай-ақ, Қ. Базарбаев елордалық ТЖД қызметінің барлық бағыттарын жоспарлы түрде дамытуды тапсырды.  

-->