Елордада қазақ тіліндегі тұңғыш политтехнология кітабының тұсаукесері өтті
Бүгін елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада мәдениеттанушы-философ Абылайхан Қалназаровтың «ШЫМКЕНТТІҢ ЖҰМСАҚ КҮШІ. Шымкент қаласының брендін тиімді басқару мен имидж-идеологиясын ілгерілету бойынша коммуникативтік стратегия (Талдаулар мен ұсыныстар)» атты тұңғыш қазақ тіліндегі политтехнология кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Салтанатты іс-шараға «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашев пен белгілі журналист Зейін Әліпбек қатысты.
432 беттік кітап 5 тараудан тұрады. Оның теориялық базасы Ұлыбритания үкіметінің кеңесшісі, Еуропа парламентінің депутаты, ағылшын ғалымы Саймон Анхольт концепциясына негізделген. Мұнда Шымкент қаласы мысалында Қазақстан қалалары мен өңірлерінің брендін тиімді басқару мен имидж-идеологиясын тұжырымдап, ілгерілету бойынша үлгілік ұсынымдар мен талдаулар жасалған.
Айта кетейік, аналитикалық-ұсынымдық зерттеу еңбек кәсібилігін арттырғысы келетін мемлекеттік идеология, ақпарат (ақпараттық-психологиялық соғыс), БАҚ, PR саласында жүрген мамандарға арналған.
Оның айтуынша, кітап 100 дана таралыммен шыққан. Кітап бағасы 25 мың теңгені құрайды.
Аяулым Серікқызы
-->Бүгін елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада мәдениеттанушы-философ Абылайхан Қалназаровтың «ШЫМКЕНТТІҢ ЖҰМСАҚ КҮШІ. Шымкент қаласының брендін тиімді басқару мен имидж-идеологиясын ілгерілету бойынша коммуникативтік стратегия (Талдаулар мен ұсыныстар)» атты тұңғыш қазақ тіліндегі политтехнология кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Салтанатты іс-шараға «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашев пен белгілі журналист Зейін Әліпбек қатысты.
432 беттік кітап 5 тараудан тұрады. Оның теориялық базасы Ұлыбритания үкіметінің кеңесшісі, Еуропа парламентінің депутаты, ағылшын ғалымы Саймон Анхольт концепциясына негізделген. Мұнда Шымкент қаласы мысалында Қазақстан қалалары мен өңірлерінің брендін тиімді басқару мен имидж-идеологиясын тұжырымдап, ілгерілету бойынша үлгілік ұсынымдар мен талдаулар жасалған.
Айта кетейік, аналитикалық-ұсынымдық зерттеу еңбек кәсібилігін арттырғысы келетін мемлекеттік идеология, ақпарат (ақпараттық-психологиялық соғыс), БАҚ, PR саласында жүрген мамандарға арналған.
Көпшілік кітаптың атауынан шошып жатыр. Жасыратыны жоқ, жақтырмай жатқандар да бар. Бұл Шымкентке арналған кітап па деген сұрақ туындап жатыр. «Шымкент» деген бұл жерде метафора, аллегория болып, образ ретінде қолданылып тұр. Шымкент қаласының мысалында бүкіл Қазақстан қамтылған. Барлық өңірдің проблемасы, жетістігі, ділі бірдей. Тек Оңтүстік, Солтүсік, Шығыс, Батыс деп атап қойғаны болмаса, бірдейміз. Мұнда идеологиялық жұмыстар Астана, Алматы, Түркістан қалалары салыстырылады, бренд-имидждік жұмыстары да назарға алынған. Аналитикалық-ұсынымдар, ұсыныстар енгізілген. Кітаптың екі түрі болады: мәңгілік және кезеңдік. Бүгінгі кітап кезеңдікке жатады. Бұл – жол картасы тәрізді кітап, он жылда атқарылатын жұмыстар жайлы баяндалған. Аталған кітапта бір ғана қала емес, бірнеше қала қамтылған, бәрі кеңінен жазылған. Қазір заман – білімділердің, мәдениеттілердің заманы, күшпен ештеңеге жете алмайсың. Қазір «жұмсақ күш» - мәдениет, көркем мінез, мәмілеге келу, білім арқылы ғана мәселені шеше аласың. Шымкенттің жұмсақ күші деп сол жақтың ділі болып кеткен икемділік, жұмсақтықты айтуға болады. Сол әдістеме бойынша еліміздегі мәселелерді күшке емес, креативке, білімге сүйеніп шешу деген қағиданы жеткізгім келді. Негізгі идеясы – сол. Мұнда қоғамдағы барлық мәселе қозғалған. Концептуалды зерттеу еңбегі деуге болады, - деді кітап авторы.
Оның айтуынша, кітап 100 дана таралыммен шыққан. Кітап бағасы 25 мың теңгені құрайды.
Аяулым Серікқызы