Елордалық Ассамблея Мақтааралға гуманитарлық көмек жіберді
Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындарына азық-түлік ретінде және қаржылай түрде көмек жіберді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Игілігі мол шараның басы дәстүрге сәйкес Құран оқып, бата жасаумен басталды. «Әзірет Сұлтан» мешітінің имамы Ерболат Жүсіпов жолға шыққандарға сәт-сапар тіледі. «Қазіргі уақытта Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге әр өңірден, қалалардан отандастарымыз көмектерін жіберіп жатыр. Мұндай шарадан Нұр-Сұлтан қаласының этно-мәдени бірлестіктері де шет қалмай, өз үлесін қосып жатыр. Жалпы сомасы 8,5 млн теңге қаржыға қажет заттар алып, оны жүк көлігіне тиеп, зардап шеккен аймаққа жіберіп жатырмыз. Ал 1,5 млн теңгені ақшалай түрде жібердік. Бұл бірлігіміздің, жанашырлығымыздың нәтижесі деп білемін. Ерекше атап өткім келетіні, бұл акцияға өзбек және шешен-ингуш этно-мәдени орталықтары белсенді түрде қатысып отыр. Мұндай қайырымды іс-шараға атсалысқан барша азаматтарға алғысым шексіз», - деді ҚХА Төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы өзбек этно-мәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов. [caption id="attachment_13951" align="alignnone" width="1280"] Фото авторы: Сұлтан Сейітов[/caption] Ол сөзін жалғай отырып, Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан әлеуметтік көмектер осыған дейін де жасалғанын айрықша атап өтті. «Достық үйінде түрлі ұлт өкілдері бас қосып, осыған дейін де қиын жағдайға тап болғандарға көмек көрсеттік. Мәселен, былтыр Арыстағы оқиғадан зардап шеккендерге қажет заттар жібердік. Сол сияқты Қордайдағы жағдайда да шет қалмадық. Бұдан бөлек, Ақмола, Қарағанды облыстарында судан зардап шеккендерге әлеуметтік жәрдем көрсеттік. Мұның бәрі қысқа уақытта ауызбіршілігіміздің арқасында жүзеге асып отыр. Сауабы мол мұндай шараларға белсене қатысуды өзіміздің міндетіміз деп білеміз», - дейді Ш.Пулатов. [caption id="attachment_13955" align="alignnone" width="1280"] Фото авторы: Сұлтан Сейітов[/caption] «Мақтаарал жұртының үйі су астында қалып, қиын жағдайға түсіп отыр. Оған әр өңірдің халқы түрлі көмек жіберіп жатыр. Біздің «Вайнах» бірлестігіміз 30 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында қиын жағдайға тап болған жандарға қол ұшын созуда Қазақстан халқы Ассамблеясы алғы шептерден көрінеді. Халықтың мұндай белсенділігін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев егемендік алған жылдардан бері үгіттеп келеді», - дейді «Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Башир Солсанов. [caption id="attachment_13953" align="alignnone" width="1280"] Фото авторы: Сұлтан Сейітов[/caption]
-->Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындарына азық-түлік ретінде және қаржылай түрде көмек жіберді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Игілігі мол шараның басы дәстүрге сәйкес Құран оқып, бата жасаумен басталды. «Әзірет Сұлтан» мешітінің имамы Ерболат Жүсіпов жолға шыққандарға сәт-сапар тіледі. «Қазіргі уақытта Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге әр өңірден, қалалардан отандастарымыз көмектерін жіберіп жатыр. Мұндай шарадан Нұр-Сұлтан қаласының этно-мәдени бірлестіктері де шет қалмай, өз үлесін қосып жатыр. Жалпы сомасы 8,5 млн теңге қаржыға қажет заттар алып, оны жүк көлігіне тиеп, зардап шеккен аймаққа жіберіп жатырмыз. Ал 1,5 млн теңгені ақшалай түрде жібердік. Бұл бірлігіміздің, жанашырлығымыздың нәтижесі деп білемін. Ерекше атап өткім келетіні, бұл акцияға өзбек және шешен-ингуш этно-мәдени орталықтары белсенді түрде қатысып отыр. Мұндай қайырымды іс-шараға атсалысқан барша азаматтарға алғысым шексіз», - деді ҚХА Төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы өзбек этно-мәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов. [caption id="attachment_13951" align="alignnone" width="1280"] Фото авторы: Сұлтан Сейітов[/caption] Ол сөзін жалғай отырып, Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан әлеуметтік көмектер осыған дейін де жасалғанын айрықша атап өтті. «Достық үйінде түрлі ұлт өкілдері бас қосып, осыған дейін де қиын жағдайға тап болғандарға көмек көрсеттік. Мәселен, былтыр Арыстағы оқиғадан зардап шеккендерге қажет заттар жібердік. Сол сияқты Қордайдағы жағдайда да шет қалмадық. Бұдан бөлек, Ақмола, Қарағанды облыстарында судан зардап шеккендерге әлеуметтік жәрдем көрсеттік. Мұның бәрі қысқа уақытта ауызбіршілігіміздің арқасында жүзеге асып отыр. Сауабы мол мұндай шараларға белсене қатысуды өзіміздің міндетіміз деп білеміз», - дейді Ш.Пулатов. [caption id="attachment_13955" align="alignnone" width="1280"] Фото авторы: Сұлтан Сейітов[/caption] «Мақтаарал жұртының үйі су астында қалып, қиын жағдайға түсіп отыр. Оған әр өңірдің халқы түрлі көмек жіберіп жатыр. Біздің «Вайнах» бірлестігіміз 30 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында қиын жағдайға тап болған жандарға қол ұшын созуда Қазақстан халқы Ассамблеясы алғы шептерден көрінеді. Халықтың мұндай белсенділігін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев егемендік алған жылдардан бері үгіттеп келеді», - дейді «Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Башир Солсанов. [caption id="attachment_13953" align="alignnone" width="1280"] Фото авторы: Сұлтан Сейітов[/caption]