Крещение мерекесі: Суға шомылғанда нені ескерген жөн
Астана қаласы ТЖД православтардың Крещение мерекесінде суға шомылатын елордалықтар мен қонақтарға кеңес берді, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Азамат Құсайынов Астана қаласы Коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.
Осы орайда спикер ТЖД тарапынан бірнеше сақтық шарасын қатаң сақтау керек екенін ескертті.
Сондай-ақ Азамат Құсайынов балалар мен қарт адамдарға, мұндай істе тәжірибесі жоқ және жүрек-қан тамырлары ауруы бар адамдарға суға шомылмауға кеңес берді.
ТЖД өкілінің айтуынша, «Крещение Господня» мерекесі кезеңінде жаппай шомылуға қатысатын елорда халқының қауіпсіздігін жүзеге асыру мақсатында, іс-шаралар өткізілетін жерлерде Астана қаласы ТЖД, жедел-құтқару жасағының және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері күшейтілген тәртіпте кезекшілік атқарады. Іс-шараға жеке құрамнан 31 адам мен 6 техника жұмылдырылады. Мереке өтетін орында шомылуды ұйымдастырушылар мен қатысушылар үшін қосымша нұсқамалар өткізіледі.
Ғани АТЫМТАЙ
-->Астана қаласы ТЖД православтардың Крещение мерекесінде суға шомылатын елордалықтар мен қонақтарға кеңес берді, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Азамат Құсайынов Астана қаласы Коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.
Жыл сайын 19 қаңтарда елорда тұрғындары мен қонақтары Крещение православтық мерекесін атап өтеді. Осы кезде шұңқырларда жаппай шомылу ұйымдастырылады. Бүгінде бұл мерекеге қатысып, суға түсетіндер саны артып келеді.
Арнайы жабдықталған, күзетілген орындарда суға шомылу қажет. Өйткені мұнда білікті мамандар көмек көрсетеді. Қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған ағаш және темір торлары бар екі ойық дайындалған. Біреуі «Грант Алатау» тұрғын үй кешені аумағында, екіншісі «Астаналық саябақ» жағалауында орналасқан, - деді ол.
Осы орайда спикер ТЖД тарапынан бірнеше сақтық шарасын қатаң сақтау керек екенін ескертті.
Суға шомылар алдында түрлі жаттығулар жасап, денені қыздыру қажет. Аяқтың сезімталдығын жоғалтпау үшін тайғанамайтын аяқ киім киген жөн. Сондай-ақ суға баспен секіруге болмайды. Суықтан есеңгіреп қалуыңыз мүмкін. Суда 1-2 минуттан артық тұрмаңыз. Судан шыққанда сізді біреу халатпен не сүлгімен күтіп тұрғаны абзал. Шомылғаннан кейін ыстық шай ішіп, жақсылап сүртіну қажет. Науқас адамдарға суға түсуге болмайды, - деді ТЖД өкілі.