Ақхалаттыларға төленген үстемақы салықтан босатылды
Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев COVID-19 инфекциясымен күресіп жатқан қызметкерлер салықтан босатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлерге төленетін үстемақы еңбекақы төлеу қорына салынатын барлық салықтар мен әлеуметтік төлемдерден босатылды», - дейді вице-министр. Айта кетейік, Мәди Тәкиев онлайн баспасөз конференциясы барысында елімізде төтенше жағдай режимі кезінде 700 мыңнан астам кәсіпкерге салықтық жеңілдік көрсетілгенін атап өтті.
-->Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев COVID-19 инфекциясымен күресіп жатқан қызметкерлер салықтан босатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлерге төленетін үстемақы еңбекақы төлеу қорына салынатын барлық салықтар мен әлеуметтік төлемдерден босатылды», - дейді вице-министр. Айта кетейік, Мәди Тәкиев онлайн баспасөз конференциясы барысында елімізде төтенше жағдай режимі кезінде 700 мыңнан астам кәсіпкерге салықтық жеңілдік көрсетілгенін атап өтті.