Елордадан қыс басталғалы екі млн текше метрден астам қар шығарылды
Қаланың коммуналдық қызметтері қар мен мұзды күреу бойынша күшейтілген режимде тәулік бойы жұмысын жалғастыруда. 16 қаңтар күні таңертең елорданың көшелері мен жолдарын тазартуға 2 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлады Elorda.info.
Қалада қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.
16 қаңтарға қараған түні елордадан 37 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2 678 ауыр жүк көлеміне тең.
Қыстың басынан бері барлығы 2 млн текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін полигондарға 164 мыңнан астам рейс жасалды.
Сонымен қатар қаладағы тротуарларда тұрғындардың ыңғайлы жүруі үшін құм-тұз қоспасын себу жұмысы үнемі жүргізіледі.
Еске сала кетейік, осыған дейін Астана қаласы ТЖ департаментінің мамандары елорда тұрғындарын сақ болуға және ғимараттан шыққан кезде қар мен мұздың құлау қаупі туралы ескерткен болатын. Сол сияқты балалардың қауіпсіздігіне де ерекше назар аудару керек.
-->Қаланың коммуналдық қызметтері қар мен мұзды күреу бойынша күшейтілген режимде тәулік бойы жұмысын жалғастыруда. 16 қаңтар күні таңертең елорданың көшелері мен жолдарын тазартуға 2 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлады Elorda.info.