Елорда жаңалықтары

Салық жүйесі: Елімізде бірыңғай төлем қашан енгізіледі

Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев елімізде бюджетке салық пен басқа төлемдерді аударуға арналған бірыңғай төлем қашан енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бұл мәселе қарастырылған. Біз ортақ тұжырымдарды әзірледік. Олар бизнес қауымдастықпен, оның ішінде «Атамекен» ұлттық палатасымен бірге дайындалды. Бизнес оларды қолдайды, жұмыс жүріп жатыр. Дегенмен ақпараттық жүйені соңына дейін жасау үшін белгілі бір уақыт керек. Келесі жылы бұл нормалар заң жүзінде бекітіледі. Жұмыс кезекпен жүргізіледі», - деді вице-министр. Бұған қоса, ол «штаты жоқ әрі жеңілдетілген режим бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік үшін қандай салық жеңілдіктері қарастырылады?» деген сұраққа жауап берді. «Жеңілдетілген декларацияның өзі салық салудың жеңілдетілген режимі. Оның есебі жеңілдетілген тәртіппен жүргізіледі. Табыстан минималды ставка 3 пайыздық салық алынады. Бұның өзі жеңілдетілген режим. Сонымен қатар, олар үш жылға табыс салығынан босатылғанын білесіздер», - деді Мәди Тәкиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

-->