Жеке кіріс салығының шкаласы әлі нақтыланған жоқ – М.Тәкиев
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев онлайн брифингте жеке кіріс салығының шкаласы туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бұл сұрақ бойынша Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс тобы құрылып жатыр. Жұмыс тобының құрамына Парламент депутаттары, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының өкілдері, министрліктердің өкілдері, танымал қоғам қайраткерлері кіреді. Жұмыс енді ғана басталып жатыр. Сондықтан әзірге жеке кіріс салығының мөлшері нақтыланған жоқ. Бұл әлі де қоғам алдында ашық талқыланатын болады. Жұртшылықты алдағы уақытта тек осы жұмыс тобының ақпаратына ғана сенуге шақырамын. Басқа ақпараттың бәрі жалған болып саналады», – деді вице-министр.
-->ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев онлайн брифингте жеке кіріс салығының шкаласы туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бұл сұрақ бойынша Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс тобы құрылып жатыр. Жұмыс тобының құрамына Парламент депутаттары, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының өкілдері, министрліктердің өкілдері, танымал қоғам қайраткерлері кіреді. Жұмыс енді ғана басталып жатыр. Сондықтан әзірге жеке кіріс салығының мөлшері нақтыланған жоқ. Бұл әлі де қоғам алдында ашық талқыланатын болады. Жұртшылықты алдағы уақытта тек осы жұмыс тобының ақпаратына ғана сенуге шақырамын. Басқа ақпараттың бәрі жалған болып саналады», – деді вице-министр.