Елорда жаңалықтары

«Барыс» бүгін Астанада «Нефтехимик» командасымен кездеседі

Бүгін елордада «Барыс» ҚХЛ-дағы кезекті ойынын Ресейдің «Нефтехимик» командасына қарсы өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Аталған ойын бүгін, 14 қаңтарда елорда уақытымен 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 39 мәрте кездесті. Оның 22-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде елу бір ойыннан кейін 48 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 18-орында келеді.

Ал қырық тоғыз ойыннан кейін 47 ұпай жинаған «Нефтехимик» 20-орынға жайғасқан.

-->