Елорда жаңалықтары

Жеңіс Қасымбек: Елордада 13 мектеп пен қолжетімді тұрғын үйлер салынады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн режимде тұрғындарды қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.

"Әр жұма сайын азаматтарды жеке қабылдаймын. Бүгін онлайн режимде тағы 20-дан аса отбасыны қабылдадым. Әлеуметтік, медициналық көмек көрсету, балабақшаға орналастыру, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау, абаттандыру, инженерлік желілер салу секілді өзге де мәселелер көтерілді.

Қозғалған проблемалардың бір бөлігі сол жерде шешіледі. Ал қалған бөлігі бойынша шешу жұмысын қолға аламыз, өйткені жүйелі мәселелерді реттеуге уақыт қажет. Осыған дейін айтқанымдай, биыл сумен, жылумен жабдықтау және т.б. қуатын арттыруға мүмкіндік беретін бірқатар инфрақұрылымдық нысанның құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сол сияқты тағы 13 мектеп саламыз, жеке балабақшаларға 9 мың орынға мемлекеттік тапсырыс береміз, құрылысы ұзаққа созылған нысандары аяқтаймыз, жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй саламыз және т.б.

Азаматтарды қабылдауға egov.kz, e-otinish порталы немесе қала әкімдігінің кеңсесі арқылы жазылуға болады, - деді елорда әкімі.

-->