Түркия Қазақстанға гуманитарлық қолдау көрсетті
Түркия Республикасының Үкіметі атынан гуманитарлық жүк Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. Оның ішінде медициналық маскалар (150 000 дана), бетке арналған қорғаныс экрандары (50 дана), көзді қорғайтын көзәйнектер (100 дана), комбинезондар (300 дана) мен дезинфекциялық құралдар бар. Бауырлас Түркияның бұл қадамы - коронавирус індетімен күрестегі жаһандық ынтымақтастықтың айқын көрінісі. Сонымен қатар Түркияның жетекші фармацевтикалық өндірушісі «Abdi Ibrahim» компаниясы COVID-19 коронавирусымен күресте белсенді қолданылатын, құрамында хлорохин бар «Kutlu» дәрісі мен ацетилцистеин препаратын гуманитарлық қолдау ретінде жіберді. Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС медициналық мекемелер арасында тарату үшін гуманитарлық жүкті қабылдап алды. Бұдан бұрын YDA Holding, Anadolu Endustri Holding (Coca-Cola Icecek), Nobel Ilac сияқты басқа да бірқатар түркиялық инвестор Қазақстанға көмек көрсеткен болатын.
-->Түркия Республикасының Үкіметі атынан гуманитарлық жүк Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. Оның ішінде медициналық маскалар (150 000 дана), бетке арналған қорғаныс экрандары (50 дана), көзді қорғайтын көзәйнектер (100 дана), комбинезондар (300 дана) мен дезинфекциялық құралдар бар. Бауырлас Түркияның бұл қадамы - коронавирус індетімен күрестегі жаһандық ынтымақтастықтың айқын көрінісі. Сонымен қатар Түркияның жетекші фармацевтикалық өндірушісі «Abdi Ibrahim» компаниясы COVID-19 коронавирусымен күресте белсенді қолданылатын, құрамында хлорохин бар «Kutlu» дәрісі мен ацетилцистеин препаратын гуманитарлық қолдау ретінде жіберді. Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС медициналық мекемелер арасында тарату үшін гуманитарлық жүкті қабылдап алды. Бұдан бұрын YDA Holding, Anadolu Endustri Holding (Coca-Cola Icecek), Nobel Ilac сияқты басқа да бірқатар түркиялық инвестор Қазақстанға көмек көрсеткен болатын.