Мектеп түлектеріне аттестат тапсыру уақыты белгіленді
11 сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру 3-4 маусымда өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Білім және ғылым министрлігінің Facebook парақшасына сілтеме жасап. «Қорытынды аттестаттау емтихандарының биыл өткізілмейтіні ескеріліп, бұл іс-шараны маусым айының басында өткізу туралы шешім қабылданды. Мереке аясында салтанатты түрде аттестаттар табысталады және мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылады. Іс-шара міндетті түрде мектеп аумағында, ашық алаңда, қонақтарсыз, тек бітірушілердің қатысуымен және санитарлық нормаларды сақтай отырып өтуі тиіс. Аттестат тапсыру рәсіміне мектеп формасында келу ұсынылады», - делінген хабарламада. Ведомство мектеп түлектері арасында дәстүрге айналатын іс-шараны жариялады. «Салтанатты бөлімнен кейін ағаш отырғызу акциясын өткізу жоспарланып отыр. Кейінгі жылдары мұндай акция дәстүрлі түрде 25 мамырға орай ұйымдастырылады», - деп жазады министрлік.
-->11 сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру 3-4 маусымда өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Білім және ғылым министрлігінің Facebook парақшасына сілтеме жасап. «Қорытынды аттестаттау емтихандарының биыл өткізілмейтіні ескеріліп, бұл іс-шараны маусым айының басында өткізу туралы шешім қабылданды. Мереке аясында салтанатты түрде аттестаттар табысталады және мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылады. Іс-шара міндетті түрде мектеп аумағында, ашық алаңда, қонақтарсыз, тек бітірушілердің қатысуымен және санитарлық нормаларды сақтай отырып өтуі тиіс. Аттестат тапсыру рәсіміне мектеп формасында келу ұсынылады», - делінген хабарламада. Ведомство мектеп түлектері арасында дәстүрге айналатын іс-шараны жариялады. «Салтанатты бөлімнен кейін ағаш отырғызу акциясын өткізу жоспарланып отыр. Кейінгі жылдары мұндай акция дәстүрлі түрде 25 мамырға орай ұйымдастырылады», - деп жазады министрлік.