Елорда жаңалықтары

Алтай Көлгінов елордалық кәсіпкерлермен онлайн-кеңес өткізді

Алтай Көлгінов азық-түлік дүкендері мен өзге де тауар сататын базарлардың, сауда үйлерінің, қонақ үйлердің, мейрамханалардың, сауда ойын-сауық орталықтары және т.б. өкілдерімен онлайн-кеңес өткізді. Бұл туралы Елорда Инфо қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды. Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің шешіміне сәйкес азық-түлік емес тауарлар сататын базарлардың жұмысы тұрғындардың COVID-19 індетіне шалдығуы 7 күн ішінде 7% - дан аспаған жағдайда және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталған жағдайда ғана қайта басталады. Қонақүйлердің, сауда ойын сауық орталықтары мен мейрамханалардың жұмысын қайта бастауға рұқсат беру (қазіргі уақытта мейрамханалар онлайн тапсырыспен жұмыс жасап жатыр) эпидемиологиялық жағдайға байланысты келесі кезеңде қаралады. 12 мамырдан бастап қоғамдық көлік пен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта басталады."Мемлекет уақтылы қабылдаған қатаң шектеу шараларының арқасында қазір жағдайды бақылау мүмкін болып отыр. Алайда індетті жұқтыру қаупі әлі де бар. Біз жаңа ережелерге сәйкес өмір сүруді үйренуіміз керек", деп көрсетті қала әкімі. --> Алтай Көлгінов азық-түлік дүкендері мен өзге де тауар сататын базарлардың, сауда үйлерінің, қонақ үйлердің, мейрамханалардың, сауда ойын-сауық орталықтары және т.б. өкілдерімен онлайн-кеңес өткізді. Бұл туралы Елорда Инфо қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды. Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің шешіміне сәйкес азық-түлік емес тауарлар сататын базарлардың жұмысы тұрғындардың COVID-19 індетіне шалдығуы 7 күн ішінде 7% - дан аспаған жағдайда және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталған жағдайда ғана қайта басталады. Қонақүйлердің, сауда ойын сауық орталықтары мен мейрамханалардың жұмысын қайта бастауға рұқсат беру (қазіргі уақытта мейрамханалар онлайн тапсырыспен жұмыс жасап жатыр) эпидемиологиялық жағдайға байланысты келесі кезеңде қаралады. 12 мамырдан бастап қоғамдық көлік пен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта басталады."Мемлекет уақтылы қабылдаған қатаң шектеу шараларының арқасында қазір жағдайды бақылау мүмкін болып отыр. Алайда індетті жұқтыру қаупі әлі де бар. Біз жаңа ережелерге сәйкес өмір сүруді үйренуіміз керек", деп көрсетті қала әкімі.