Елордалық кәсіпкерлер 31 млрд теңге болатын салықтан босатылды
Кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес қолдау шаралары туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Елордада ШОБ кәсіпорындарының едәуір бөлігі сауда және қызмет көрсету саласына шоғырланған. Онда тұрғындардың 60 пайызы жұмыс істейді. Астаналық кәсіпкерлерге салық төлеуден босатылу есебінен 31 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Онда 76 мыңнан астам салық төлеуші қамтылады», - деді Бақтияр Мәкен. Оның айтуынша, бүгін қала әкімі базар және сауда ойын сауық орталықтары басшыларымен онлайн кездесу өткізіп, онда карантин кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс алгоритмдері түсіндірілді. «Қауіпті эпидемиологиялық жағдай төмендеген сәтте сауда орталықтары, қонақ үйлер, мейрамханалар санитарлық нормаларды сақтай отырып, ішінара ашылады», - деп толықтырды әкім орынбасары.
-->Кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес қолдау шаралары туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Елордада ШОБ кәсіпорындарының едәуір бөлігі сауда және қызмет көрсету саласына шоғырланған. Онда тұрғындардың 60 пайызы жұмыс істейді. Астаналық кәсіпкерлерге салық төлеуден босатылу есебінен 31 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Онда 76 мыңнан астам салық төлеуші қамтылады», - деді Бақтияр Мәкен. Оның айтуынша, бүгін қала әкімі базар және сауда ойын сауық орталықтары басшыларымен онлайн кездесу өткізіп, онда карантин кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс алгоритмдері түсіндірілді. «Қауіпті эпидемиологиялық жағдай төмендеген сәтте сауда орталықтары, қонақ үйлер, мейрамханалар санитарлық нормаларды сақтай отырып, ішінара ашылады», - деп толықтырды әкім орынбасары.