Елорда жаңалықтары

Бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған гранттар бөлінуде – Б.Мәкен

Мемлекеттік бағдарламалар аясында 22 400 астаналық жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жұмысқа орналасу жөнінде 2 713 адам Жұмыспен қамту орталығына жүгінген. Олардың 1 865-і әлеуметтік қорғау шарасы бойынша қамтылған. Бізге қаланың кәсіпкерлік тарапының қолдауы маңызды. Бизнеске арналған шағын несиелер ұсынылады. Микрокредиттің ең көп деген сомасы 8 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін ұлғайтылып, өтеу мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылды. Бұдан бөлек жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға гранттар да беріледі. Бұл тұрғыда биыл 441 адамды қамту жоспарланып отыр. Осы мақсатта 260,3 миллион теңге бөлінді. Жыл басынан бері мемлекеттік гранттарды бөлу жөніндегі комиссия 59 жаңа бизнес-идеяның жүзеге асырылуын мақұлдап, 47 грант бөлінді. Бұл шараның бәрі жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыссыз азаматтардың мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Жалпы, мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыспен қамту шаралары бойынша 22 400 адам қамтылады деп жоспарлануда», – деді елорда әкімінің орынбасары.

-->