Елорда жаңалықтары

Былтыр елордада уақытша тіркелген шетел азаматтарының саны артты

Бұл туралы елордадағы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары Анар Жомартова айтты, деп хабарлады Elorda.info.

«2022 жылдың қорытындысы бойынша уақытша тіркелген шетел азаматтарының санының өскені байқалды. 2021 жылмен салыстырғанда 30 пайыз өсім болды, яғни 42 762 шетелдік тіркелді», - деді А. Жомартова.

Деректерге сәйкес, қазіргі кезде елордада тұрақты тұратын шетел азаматтарының саны 13 мың 668-ге жеткен. Оның 5 949-ы этникалық қазақ. Сонымен қатар, қалада 361 азаматтығы жоқ адам тұрып жатыр.

-->