Елорда жаңалықтары

Өткен тәулікте елордада 2 адамды үсік шалып, 106 адам көше жарақатын алды

Астанада сықырлаған аяздың беті екінші күн қайтпай тұр. Сынап бағанасы күндіз -25-30  градус аралығын көрсетсе, түнде аяз күшіне еніп, - 35 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

«Астананың аязына балалар ғана қуанады» деп қалжыңдайды елордалықтар. Дегенмен, сықырлаған аязды елемеу мүмкін емес. Бүгін екінші күн қатарынан астаналық оқушылар мен колледж студенттері үйде онлайн оқып жатыр.

Ал жұмыс аптасын аязбен бірге бастаған елордалықтар әдеттегідей таңғы қарбаласпен жұмысқа баруға мәжбүр. Автобустар өз уақытынан кешігіп жүріп жатыр, ал такси жүргізушілері бұл мүмкіндікті пайдалануды көздейді. Жылда қайталанатын құбылыс десек те, сарышұнақ аяз сездірмей шымшып, бет-ауызды үсітіп кетуі ықтимал. 

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте 2 адамды үсік шалған. Сәл еріген қарды қатырған аяз қала көшелеріндегі жолды көктайғаққа айналдырды. Оқыс жағдайдан ешкім сақтандырылмаған.  Дегенмен соңғы тәулікте қаладағы травматологиялық пунктке 277 адам жүгінген, оның 106-сы көшеде алған жарақаты бойынша дәрігерге қаралған.

Үсіп қалуды емдегенше, алдын алған дұрыс. Ал ол үшін:

Үсіктен қорғану мақсатында кең және жылы киінген жөн. Аяқ киімнің кең болғаны жақсы, егер тар болса, ауа айналмайды да, аяқ тоңып, үсіп кетуі мүмкін. Және су өткізбейтін, табаны қалың аяқ киім киген абзал. Дәрігерлер сөзінше, аязда темір, күміс, алтын әшекейлер тақпаған дұрыс. Құлақ пен бетіңізді міндетті түрде жауып жүру қажет. Мұрын тез тоңып, үсіп кетуі мүмкін. Қатты суықта тек мұрынмен демалу қажет.  Қатты тоңған адам сасқалақтап қалады да, «міндетті түрде үйге дейін жетіп алу» дегенді ғана ойлайды. Бірақ байбаламға салмай, алдымен ең жақын жердегі жылы орынды іздеу керек. Астанада тіпті жылы аялдамалар да бар. Жылы жерге кірген соң міндетті түрде бірден қолыңыз бен бетіңіздің, аяғыңыздың терісіне жақсылап қараңыз. Ең бірінші қол-аяқ үсиді.

Үсік шалған кезде алғашқы көмек қалай көрсетіледі?

Ең алдымен үсік шалу белгілері бар адамды жылы жерге жатқызып, аяқ киімі мен қолғабын шешу қажет. Сосын жедел жәрдем қызметкерлеріне хабарласқан жөн.

Үсік шалуды бірнеше дәрежеге бөліп қарастырады:

І дәрежелі үсік шалғанда тері қабатын қызарғанша жылы алақанмен жылытып, уқалау керек. Жүн матамен, демнің жылуымен жылытып, соңынан мақта-дәкемен таңады.

Жылы киінсе де, аязда ұзақ тұрып қалған адамды үсік шалса, ол медицинада ІІ дәрежелі үсік деп аталады. Алғашында тері ағарады, тоңады, жансызданады. Бірақ бұл белгілер үсік шалудың барлық дәрежесінде байқалады. Сондықтан, бұл үсік шалу дәрежесінің ерекшелігі, алғаш күннен бастап зақымдалған тері орнында іші түссіз сұйыққа толған көпіршіктер пайда болады. 

ІІІ дәрежелі үсік шалса, аяз етіңізді өте тереңнен зақымдап кетті деген сөз. Алғашында пайда болған көпіршіктердің іші қан аралас сұйыққа толады, түбі қызғылт-көк түсті болады, түршігу сезінбейді. Терінің барлық элементі өле бастайды және соңында үсіген жер түйіршектеліп, тыртық пайда болады. Өліп қалған тері қабаты 2-3 аптада түседі, ал соңынан тыртықтану 1 айға дейін созылады.

ІV дәрежелі үсік – ең қауіптісі. Бұл кезде үсік шалудың ІІ және ІІІ дәрежесі қатар жүреді. Жұмсақ еттің барлық қабаты өледі және сүйек пен буындар зақымдануы мүмкін. Үсіген қол-аяқ ерекше көгеріп, кей кезде мәрмәр сияқты сұр түсті болады. Жылытқаннан кейін ісік пайда болып, өте тез ұлғая бастайды. Тері температурасы зақымдалмаған жерден әлдеқайда төмен. ІІ және ІІІ дәрежелі үсік шалған орындарда көпіршіктер пайда болады. Үсік шалған жерде көпіршіктердің жоқ болуы және ісіктің үлкен болуы – үсік шалудың төртінші дәрежесін көрсетеді. 

Үсік шалғанда не істеуге болмайды?

Үсік шалған адамды жылыту ойымен арақ-шарап ұсынуға болмайды. Зақымданған жерді қармен, маймен, спиртпен уқалауға рұқсат етілмейді. Ыстық ваннаға түсіру де зақымданушының денсаулығына зиян тигізуі мүмкін. Науқасты жылыту мақсатында жанып тұрған оттың жанына жатқызуға рұқсат етілмейді. 

Далада әдетте адамның беті, мұрны, құлағы жиі зардап шегеді. Үсігенде ашыйды және шаншыйды. Далада жүргенде бет пен құлақтың қызаруы – қалыпты жайт.  Алайда бет қатты қызарып, тіпті күлгін түсті болып кетсе немесе аппақ болып, қызғылт-күлгін дақтар пайда болса, тезірек жылыну қажет. Бұл – үсудің белгілері. Сондықтан да барша елордалықтарды жылы киініп, өз денсаулығын ойлауға шақырамыз.

-->