Елордадағы блок бекеттер қашан алынуы мүмкін
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен астанадағы блок бекеттер қашан алынатыны жайлы болжам жасады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қалада 7 блок бекет бар екенін білесіздер. Олар жұмысын әрі қарай жалғастырады. Карантин аумағы арқылы өтуге шектеу тек жалпы Нұр-Cұлтан қаласы бойынша карантин режимі аяқталғаннан кейін алынады. Бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Егер бізде мамыр айының соңына дейін төмендесе (коронавирус көрсеткіші - автор), біз бұл блок бекеттерді алу мәселесін қалалық штабта қарастырамыз», - деді Бақтияр Мәкен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Оның айтуынша, астанаға ұшақпен және автомобильмен келуге болады. Тек 14 күн үй карантинінде болу шарт.
-->Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен астанадағы блок бекеттер қашан алынатыны жайлы болжам жасады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қалада 7 блок бекет бар екенін білесіздер. Олар жұмысын әрі қарай жалғастырады. Карантин аумағы арқылы өтуге шектеу тек жалпы Нұр-Cұлтан қаласы бойынша карантин режимі аяқталғаннан кейін алынады. Бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Егер бізде мамыр айының соңына дейін төмендесе (коронавирус көрсеткіші - автор), біз бұл блок бекеттерді алу мәселесін қалалық штабта қарастырамыз», - деді Бақтияр Мәкен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Оның айтуынша, астанаға ұшақпен және автомобильмен келуге болады. Тек 14 күн үй карантинінде болу шарт.