Елорда жаңалықтары

Елордада «Абайлаңыз, жаяу жүргінші» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

Елорда жолдарында Жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында «Абайлаңыз, жаяу жүргінші» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған іс-шара барысында бір тәулікте 500-ге жуық ЖҚЕ бұзушылық анықталды, оның ішінде 150-ін жаяу жүргіншілер жасаған. Қауіпсіздік белдігін пайдалануды сақтамаған 16 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзған 8 жүргізуші, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткен 6 жүргізуші, көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзған 39, жаяу жүргіншілерге қозғалыс артықшылығын бермеген 11 жүргізуші және қарсы жолаққа шыққан 1 жүргізуші анықталды.  

Астана қаласының Полиция департаменті жаяу жүргіншілерге жолды тек белгіленген жерлерде – жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтуге болатынын тағы да еске салады. Жолдан өтпес бұрын, айналаңызға қарап, барлық көлік жүргізушілерінің тоқтағанына көз жеткізу керек.

-->