Елорда жаңалықтары

Полиция департаменті күшейтілген режимде жұмыс істейді – Б.Мәкен

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен онлайн брифингте Полиция департаменті күшейтілген режимде жұмыс істейтіні туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Жұмыс берушілер қарамағындағы мамандарды санитарлық-гигиеналық құрал-жабдықпен қамтамасыз етуі керек. Төтенше жағдай режимі тоқтатылса да, карантиндік тәртіп сақталатындықтан, Полиция департаменті күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады. Яғни тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылады. Төтенше жағдай режимі басталғалы бері карантиндік тәртіпті бұзған 4 900 қала тұрғыны жауапқа тартылып, 1 290 көлік айыппұл тұрағына қойылды», – деді елорда әкімінің орынбасары.

-->