Елорда жаңалықтары

Елордада рұқсат етілмеген құрылыстарға бақылау күшейеді

Елорда әкімдігінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтің төрағалығымен қалада тұрғын үй нысандарын өз бетінше салу және үлескерлердің ақшасын тарту мәселелері бойынша жиын өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Отырысқа мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың – Қазақстан құрылысшылар одағының (Т.Ф.Ерғалиев), Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының (В.Н.Микрюков), сондай-ақ құрылыс салушылардың өкілдері қатысты.

Кездесуге қатысушылар елордадағы құрылыс саласының қазіргі жағдайы мен одан ары дамуын талқылады.

Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері рұқсат етілмеген нысандар саны артқан. Шағын және орта бизнесті тексеруге енгізілген мораторийді пайдаланып, жосықсыз құрылыс салушылар тиісті құжатсыз нысандар салып жатыр.

Осыған орай жиналғандар алдында сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Астанада өз бетінше тұрғын үй құрылысын салуға және үлескерлердің ақшасын тартуға қатысы бар құрылыс салушыларға қойылатын талаптардың барынша күшейетінін ескертті.

Нұрлан Нұркенов атап өткендей, бұл бағыттағы жұмыс өз бетімен салынған жаңа нысандардың пайда болуына жол бермеуге және қолданыстағы заңсыз нысандарды бақылауға бағытталатын болады.

Оның айтуынша, заңсыз құрылыс фактілерінің жолын кесуге және бақылауға мемлекеттік органдармен бірге қоғамдық ұйымдар, мәселен, Қазақстан құрылысшылар одағы, Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы, сондай-ақ, аудан әкімдіктері көмектеседі.

Өз кезегінде Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев пен Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының төрағасы Виктор Микрюков бұл жұмысқа жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізіп, құрылыс салушыларды құрылысты тек заңнама талаптарына сәйкес жүргізуге шақырды.

-->