Астанада 20 сәуірден бері 250 мыңнан астам адам қызметіне кірісті
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен астанада жұмысына кіріскен қызметкерлер саны мен олардың жұмыс тәртібін түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен мемлекеттік комиссияның шешімін жүзеге асыру барысында 20 сәуірден бастап іске асырылған үш кезең аясында 250 мыңнан астам адам қызметіне кірісті. Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің қаулысының негізінде тұрғындардың (үш адамнан көп емес) маска кию арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, үйден емін-еркін шығып, саябақтарға, өзен жағалауларында серуендеуіне рұқсат етіледі», - дейді Бақтияр Мәкен. Сөзін жалғай отырып, азық-түлік емес сауда орындары да жұмысына кірісетінін мәлім етті. Алайда санитарлық тәртіп сақталатынын жеткізді. Сонымен қатар, спорт, мәдениет нысандарының жұмыс істеу тәртібіне тоқталып өтті. «Оқу-жаттығу процестері арнайы топтарға 30 адамнан аспауы тиіс. Ал мәдениет нысандарының топпен және жекелей дайындалуын (театр) 30 адамнан асырмауы керек», - деді елорда әкімінің орынбасары.
-->Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен астанада жұмысына кіріскен қызметкерлер саны мен олардың жұмыс тәртібін түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен мемлекеттік комиссияның шешімін жүзеге асыру барысында 20 сәуірден бастап іске асырылған үш кезең аясында 250 мыңнан астам адам қызметіне кірісті. Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің қаулысының негізінде тұрғындардың (үш адамнан көп емес) маска кию арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, үйден емін-еркін шығып, саябақтарға, өзен жағалауларында серуендеуіне рұқсат етіледі», - дейді Бақтияр Мәкен. Сөзін жалғай отырып, азық-түлік емес сауда орындары да жұмысына кірісетінін мәлім етті. Алайда санитарлық тәртіп сақталатынын жеткізді. Сонымен қатар, спорт, мәдениет нысандарының жұмыс істеу тәртібіне тоқталып өтті. «Оқу-жаттығу процестері арнайы топтарға 30 адамнан аспауы тиіс. Ал мәдениет нысандарының топпен және жекелей дайындалуын (театр) 30 адамнан асырмауы керек», - деді елорда әкімінің орынбасары.