ТЖ режимі тоқтатылды, алайда карантин тәртібі сақталады – Б.Мәкен
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен онлайн брифингте елордадағы карантиндік режимнің сақталатыны туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бүгін еліміз бойынша төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Алайда пандемияның қаупі әлі де сейілмегендіктен, Нұр-Сұлтан қаласындағы карантиндік тәртіп сақталады. Яғни спорттық шаралар мен басқа да бұқаралық шаралар, отбасылық жиындарды өткізуге рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, сауда ойын-сауық орталықтары мен кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және басқа да адам көп жиналатын орындардың, сол сияқты діни мекемелердің жұмысына тыйым салынады. Эпидемияның қауіптілік көрсеткіші төмендеген кезде бұл мәселелер қалалық штаб аясында қайта қаралатын болады. Ал қоғамдық көліктердің қозғалысы Мемлекет басшысы айтқандай, біртіндеп іске қосылады. Бұл жөнінде БАҚ өкілдеріне қосымша хабарлайтын боламыз. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтін қала маңындағы елді мекендердің тұрғынары блок бекеттерден тізім бойынша өткізіледі. Ол үшін олар өздерінің тұрғылықты жерлеріндегі әкімдікке жүгінулері тиіс», – деді елорда әкімінің орынбасары.
-->Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен онлайн брифингте елордадағы карантиндік режимнің сақталатыны туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бүгін еліміз бойынша төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Алайда пандемияның қаупі әлі де сейілмегендіктен, Нұр-Сұлтан қаласындағы карантиндік тәртіп сақталады. Яғни спорттық шаралар мен басқа да бұқаралық шаралар, отбасылық жиындарды өткізуге рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, сауда ойын-сауық орталықтары мен кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және басқа да адам көп жиналатын орындардың, сол сияқты діни мекемелердің жұмысына тыйым салынады. Эпидемияның қауіптілік көрсеткіші төмендеген кезде бұл мәселелер қалалық штаб аясында қайта қаралатын болады. Ал қоғамдық көліктердің қозғалысы Мемлекет басшысы айтқандай, біртіндеп іске қосылады. Бұл жөнінде БАҚ өкілдеріне қосымша хабарлайтын боламыз. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтін қала маңындағы елді мекендердің тұрғынары блок бекеттерден тізім бойынша өткізіледі. Ол үшін олар өздерінің тұрғылықты жерлеріндегі әкімдікке жүгінулері тиіс», – деді елорда әкімінің орынбасары.